- Басты
- Жаңалықтар
- Малайзиялық БАҚ Қазақстан туралы: ел өз экономикасын нығайтуға ниетті
Малайзиялық БАҚ Қазақстан туралы: ел өз экономикасын нығайтуға ниетті
Қазақстан - Орталық Азиядағы ең ірі және әлемде аумағы бойынша тоғызыншы орын алатын ел, ол шикізат тауарларына тәуелділікті төмендетіп, өз экономикасын және жаһандық бәсекеге қабілеттілікті нығайтуға ниетті.
Осы мақсатта бұрынғы кеңес республикасында "Үшінші жаңғыру" аясында экономикалық және инвестициялық стратегиялар қабылданды. Ол елге 2050 жылға дейін әлемнің ең ірі 30 экономикасының қатарына енуге мүмкіндік береді.
Билік орындары ел экономикасының мұнай өндіру саласына шектен тыс тәуелділігін түсінеді. Даму және инвестициялар тарту мақсатында олар көлік, фармацевтика өнеркәсібі, мұнай және химия, тамақ өнеркәсібі сияқты секторларға бағдарлана отыра, әртараптандыру әрекеттерін қабылдауда.
"Үшінші жаңғыру" аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев экономиканы технологиялық жаңғыртуды жылдамдату, бизнес ортаны жақсарту және кеңейту, сондай-ақ макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуді қамтитын бес басымдықты атап көрсеткен болатын.
2014 жылғы қарашада Президент маңызды инфрақұрылымдық жобалар мен басым секторларға мемлекеттік және тікелей шетелдік инвестицияларды тарту үшін экономикалық өсуді ішкі ынталандырудың "Нұрлы жол" деп аталатын ірі бағдарламасын жариялады.
Бұл бағдарлама агробизнестегі, тауарлар өндірісіндегі, сауда мен логистикадағы, туризм, ақпараттық технологиялар және қаржы секторларындағы, сондай-ақ мұнай саласындағы өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды