• Басты
  • Құрық порты арқылы миллион тонна жүк өткізілді
20 Қазан, 2017 15:16

Құрық порты арқылы миллион тонна жүк өткізілді

Маңғыстау облысындағы Құрық портынан Баку портына алғашқы 1 000 000 (миллион) тонна жүк өткізудің салтанатты шарасы өтті, деп хабарлады Маңғыстау облысының баспасөз қызметі.
Құрық порты арқылы   миллион  тонна жүк өткізілді

Оған облыс әкімі Ералы Тоғжанов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы, Әзірбайжан кеме қатынасы компаниясының өкілі және Құрық портының еңбеккерлері және мыңнан аса белсенді жас қатысты. 

«Былтырғы жылы Индустрияландыру бағдарламасы аясында Елбасымыз өзі іске қосқан айлақтан өткізілетін жүктің көлемі бүгін миллион тоннаға жетті. Бұл көрсеткіш  алдағы жылдары екі есеге өсетін болады. Жыл сайын жүк ағынының артуына байланысты Каспий өңірі айлағының әлеуетін қарқынды түрде дамытуда. Бүгінгі порт – кешегі Жібек жолының стратегиялық жалғасы. Қазақстанның транзиттік және экспорттық әлеуетін көтеріп, көлік-логистикалық және индустриялық инфрақұрылымын алға жетелейтін негізгі күшке айналмақ» - деді  жиында сөз алған Ералы Тоғжанов.

Салтанатты шарада Құрық портының бас директоры М. Сақтағанов мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан Қазақстанның Каспий теңізіндегі порттарды кеңейту, еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың шараларына тоқталды.  Ресми мәліметтер бойынша порттағы бір миллион тонна жүктің 548 мың тоннасы экспортқа шығарылды.

Импорттық жүктер 452 мың тоннаны құрап отыр. Тағы бір тиімді тұсы аталмыш инфрақұрылымдар теңіз маңындағы қозғалысты төрт сағатқа жеделдетеді. Мәселен, Баку мен Құрық арасындағы пароммен жүру уақыты 18 сағатты құрайды. Ал, Ақтаудан Бакуге 22 сағат жібереді.

Маңғыстау жерінен жөнелтілген жүк Әзірбайжан, Грузия порттары арқылы Еуропаға қарай жол тартады.   Құрық паром кешенімен қазақстандық астық, көмір, мұнай өнімдері, тыңайтқыш, химиялық өнімдер, транзиттік жүктер, Қытай, Қырғызстан және Өзбекстаннан шыққан жүктер экспортқа шығарылады. Паром кешенінде бір теміржол айлағы, төрт теміржол көрмелік паркі бар.

Теміржол станциясына кіре берісте өңдеу және сұрыптау қызметі, «Ерсай станциясы - Құрық порты» кіре беріс теміржолы, әкімшілік және өндірістік мақсаттағы нысандар салынды. Аталмыш айлақтағы паром өткелі мен «Боржақты-Ерсай» теміржол желісі басты және сұйық жүктердің мультимодальдық тасымалын қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде Каспий бағдарымен батыс бағыттағы экспорттық әлеуеті мен транзиттік жүк ағынын еселеп арттырады.

  Екі теміржол айлағының пайдалануға берілуі арқылы тәулігіне бес паромға қызмет көрсетіп, ол арқылы жылына 4 миллион тонна жүкті өңдеуден өткізеді.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды