• Басты
  • Владимир Путин Астана процессін өткізгені үшін Қазақстанға алғыс білдірді (ВИДЕО)
20 Қазан, 2017 09:56

Владимир Путин Астана процессін өткізгені үшін Қазақстанға алғыс білдірді (ВИДЕО)

Саясаттанушы Ерлан Қарин «Валдай» пікірталас клубы отырысында Ресей Президенті Владимир Путинге сұрақ қойды.
Владимир Путин Астана процессін өткізгені үшін Қазақстанға алғыс білдірді (ВИДЕО)

Ерлан Қарин  Сочидегі «Валдай» пікірталас клубының  отырысына қатысты.  Отырыс  «Жасампаз күйзеліс: даулар жаңа әлемдік тәртіпті  қалыптастыра ма» тақырыбына арналды. Отырысқа беделді сарапшылар, Азия, Африка, Еуропа және Америка елдерінің саясаттанушылары  қатысты.

«Сізбен өткен жылғы кездесуіміз Сириядағы ахуал, Алеппо айналасындағы жағдайға қатысты өтті. Биылғы жылдың басында Сириядағы ахуалды реттеу бойынша Астана процесі іске қосылды. Алғаш рет Қазақстан елордасы - Астанада қарсы күресуші әртүрлі тараптардың, сондай-ақ аталмыш процестің кепілгер елдері - Ресей, Түркия және Иранның өкілдері келіссөздер үстеліне отырды. Келіссөздердің бірнеше раунды өтті, құжаттар қабылданды. Астана процесінің аралық нәтижелеріне қандай баға берер едіңіз? Және тағы бір мәселе, қазір Таяу Шығыстағы дағдарыс жаңа реңк алып отырғанын көріп отырмыз. Мен өзіңіз атап өткен Солтүстік Ирактағы күрдтердің референдумы, Керкуктегі әскери операция және жалпы Сириядағы әскери ахуалдың өзгеруі турасында айтып отырмын. Сирия дағдарысын реттеу келешегі қандай және Таяу Шығыстағы жалпы ахуалды қалай бағалайсыз?», - деді Ерлан Қарин.

Владимир Путин Қазақстан мен Президент Назарбаевқа алаң ұсынғаны үшін алғыс білдірді.

«Қазақстан – жай ғана  алаң емес, Қазақстан бейтарап тұрғыда алаң болуға қолайлы  орын, айтпағым, Қазақстан  өңірдегі  күрделі мәселелерге араласпады, керісінше беделді дәнекерші болды.  Айта кететіні,  Президент Назарбаев  барлық дауласқан тарапты  тоқтатуға жауапкершілікті өзі алған болатын. Бұл үміт сыйлады, сол үшін де алғыс білдіреміз», - деді ресейлік көшбасшы.

Сондай-ақ, ол процесс қандай дәрежеде  тұрғандығын атап өтті.

«Түркия, Иран және Сирия үкіметінің ұстанымының арқасында өзекті мәселелер бойынша позицияларды жақындастыруға мүмкін болды, бұл - қантөгісті тоқтату. Сондай-ақ деэскалация аймақтарын құру, бұл - Сирия бойынша соңғы екі жылдағы жұмыстардың, соның ішінде Астана процесінің басты жетістігі. Айта кетейін, Астанадағы келіссөздерге қатыспайтын, бірақ қашықтан қатысып отырған және болып жатқан процестерге ықпал ететін өзге елдер де, соның ішінде АҚШ айтарлықтай үлестерін қосуда. Біз америкалық әріптестермен бұл мәселе бойынша өзара қарым-қатынастамыз. Олар тұрақты, бірақ оңай емес, пікірталастар да болып тұрады. Дегенмен, бұл ықпалдастықтың негативтен бұрын, позитивті тұстары көп. Осы уақытқа дейін біз көп мәселе бойынша бір мәмілеге қол жеткізіп келдік, соның ішінде Израиль мен Иордания мемлекеттерінің мүдделері бар деэскалацияның оңтүстік аймағы бойынша. Әрине, бұл процеске Сауд Арабиясы, Мысыр, Иордания, Катар және шағын, бірақ маңызы жоғары көптеген өзге елдердің оң ықпалы тиіп отыр», - деді ол.

Сондай-ақ,  ол Сирия халқының конгресін  құру идеясымен бөлісті.

«Сирия халықтарының Конгресін құру идеясы бар, оған барлық этникалық және діни топтар, Үкімет пен оппозиция  қатыса алуы керек. Ол құрылатын болса, келесі маңызды қадамның бірі болады», - деді ол.

Владимир Путин терроризм туралы айтып өтті, бұл мәселенің тамыры тереңде жатыр, көп халықтардың этникалық және діни топтарға қысым жасалу мен жүйелік білім берудің болмауы. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды