- Басты
- Жаңалықтар
- Электрондық тұғырнамалар медициналық көмекті сапалы көрсетуге көмектеседі (ВИДЕО)
Электрондық тұғырнамалар медициналық көмекті сапалы көрсетуге көмектеседі (ВИДЕО)
«Бірнеше жоба іске асырылуда, солардың бірі – интероперабелдік тұғырнамасын енгізу, ол 22 ақпараттық жүйені бірыңғай ақпараттық кеңістікке біріктіруге мүмкіндік береді. Екіншіден, азаматтар жекеменшік және мемлекеттік медициналық ұйымдарға жүгінген кезде көп қағаз немесе зертханалық зерттеулерді тасымай, штрих-кодты сканерлеу арқылы алынған медициналық қызметтер бойынша барлық деректерді ала алуы үшін ЖСН негізінде электрондық денсаулық паспортын қалыптастыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының директоры.
Олжас Әбішев түсіндіріп өткендей, келесі міндет дәрігердің жеке кабинетін қалыптастыру.
«Бұл емханада дәрігер өзі қызмет көрсететін барлық пациенттерінің жай-күйін мониторингілеп отыру үшін қажет. Келесі, жеке медициналық ақпараттық жүйелер үшін интеграциялар қалыптастыру және әзірлеу. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында олар 50-ден астам, Қазақстанда 30 IT-компания медициналық ақпараттық жүйелер әзірлейді», - деді спикер.
Сондай-ақ IBM, Microsoft, UNICEF сияқты компаниялармен және ұйымдармен ірі бірлескен жобалар да іске асырылады.
«IBM және Microsoft-пен бірлесіп, біз IT-компаниялар тарапынан қаржыландыру негізінде денсаулық сақтау саласындағы инновациялық жобаларды енгізіп жатырмыз. Біздің дәрігерлеріміз бен пациенттеріміз медициналық көрсетілетін қызметтерді алу аясында тиімді өзара іс-қимыл жасай алуы үшін оларға қажетті құралдар мен мүмкіндіктерді барынша ұсынуды көздейміз», - деп қорытындылады Олжас Әбішев.
ЮНИСЕФ ұйымымен пациенттердің деректерін жинау мен талдау бойынша медицина қызметкерлерінің еңбегін оңайлатуға арналған мобильді қосымша әзірлеуді жоспарлауда.
Ақбота Күзекбай
Видео Азамат Әлиев
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізуге мүдделі -
Антикор: Әкімшілік тәжірибе сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға көмектеседі -
Гендерлік зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіледі -
2021 жылы медициналық сақтандыру үшін кім қанша төлейді -
Медициналық бұйымдарды стерильдеуге арналған радиациялық технология қауіпті ме? -
Биыл Алматыда медициналық кадрларды даярлауға қаржы көбірек бөлінді -
ЖҚҚ-ның бағасы төмендетілді: ПТР-тестілеу мен медициналық масканың бағасы қанша тұрады -
Пандемия кезінде ҚазҰМУ 150 мыңға жуық медициналық қызмет көрсетті – ректор