• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда ауыл шаруашылығы қызметінің 16 түрі автоматтандырылады (ВИДЕО)

Қазақстанда ауыл шаруашылығы қызметінің 16 түрі автоматтандырылады (ВИДЕО)

19 Қазан, 2017 16:56
Жылдың соңына дейін тыңайтқыштар, гербицид, несие мен лизингтерге субсидия алу бойынша ауыл шаруашылығы қызметтері автоматтандырылады. Жалпы, 2018 жылы 16 ауыл шаруашылығы қызметі автоматтандырылады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Ермек Көшербаев Парламент Мәжілісінің аграрлық мәселе жөніндегі көшпелі отырысында айтты.

«Жыл соңына дейін тағы үш мемлекеттік қызметті автоматтандырамыз, демек, пилоттық  жоба бойынша олар іске қосылады. Жылдың соңына дейін тыңайтқыштар, гербицид, несие мен лизингтерге  субсидия алу  бойынша  ауыл шаруашылығы қызметтері автоматтандырылады. Алдағы жылы 16 қызметтің түрі толықтай автоматтандырылады. Министрлік аясында   қызметтің  100 түрі бар, оның  62-сі автоматтандырылды. Жақын арада біз барлық қызметті автоматтандырамыз», - деді Е.Көшербаев.

Жауапты хатшының айтуынша, жылдың соңына дейін тыңайтқыштар, гербицид, несие мен лизингтерге  субсидия алу  бойынша  ауыл шаруашылығы қызметтері автоматтандырылады.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі қажетті іргетас  құрады, оған бизнес ауыл шаруашылығы өндірушілері бойынша қызмет түрлерін ұсынады. Демек, платформа ашық әрі еркін болуы керек», - деді спикер.

Айта кетейік, Minagro.kz сайтының онлайн жобалары туралы «Ақпараттық-есептік орталық»АҚ төрағасы Жанасыл Оспанов ҚР Парламенті Мәжілісінің көшпелі отырысында айтып берген болатын.

 

Ақбота Күзекбай

Видео - Азаамат Әлиев

Барлық жаңалықтар