- Басты
- Жаңалықтар
- Сенатта 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет таныстырылды
Сенатта 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет таныстырылды
Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов еліміздің 2018-2022 жылдарға әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорынан 2018-2020 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасын таныстырды.
Баяндамашының айтуынша, еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын қалыптастыру үшін алдағы осы кезеңге барреліне 45 АҚШ доллары болатындай мұнай бағасының деңгейі негізге алынып отыр. Ішкі жалпы өнімнің нақты өсімі 2018 жылы 3,1 пайыз деңгейінде, одан кейін 2022 жылға дейін 4,2 пайызға өседі деп болжанды. Ішкі жалпы өнім 2018 жылы 55 906,2 миллиард теңгеден 2022 жылға дейін 75 875,4 миллиард теңгеге дейін өседі.
Ішкі жалпы өнім жан басына шаққанда 2018 жылы 9,0 мың АҚШ долларын құрайды, 2022 жылы 11,7 мың АҚШ долларына ұлғаяды. Т.Сүлейменов Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферт көлемі 2018 жылы 2,6 миллиард теңге, 2019 жылы 2,3 миллиард теңге, 2020 жылы 2,0 миллиард теңге болып белгіленгенін айтты. Ұлттық банкі Төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов қаржы реттеушісінің ақша-несие саясаты туралы депутаттарды хабардар етті.
Ұлттық банкінің негізгі басымдығы бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету екені, 2018 жылы инфляцияның нысаналы диапазоны 5-7 пайыз шегінде белгіленіп, 2020 жылға дейін бірте-бірте 4 пайызға дейін төмендету көзделіп отырғаны айтылды. А.Ахметов ақша құнының негізгі көрсеткіші болып табылатын негізгі мөлшерлеме биыл 12 пайыздан 10,25 пайызға дейін төмендетілгенін атап өтті. Баяндамашы ішкі валюта нарығындағы тұрақтандыру туралы айтты: жыл басынан бері салыстырғанда теңгенің ауыстыру бағамы іс жүзінде өзгерген жоқ, номинальдық сипаттағы төмендеу мөлшері 0,1 пайызды құрады.
Оның сөзінде Қазақстанның халықаралық резервінің көлемі атап өтілді. Жыл басынан бері Ұлттық банкінің халықаралық резерві 10,2 пайызға ұлғайып, 32,5 миллиард АҚШ долларына жетті. Ұлттық қордың валюталық активтері 56,8 миллиард АҚШ долларын құрады. Еліміз резервінің жалпы сомасы 89 миллиард АҚШ долларын немесе Ішкі жалпы өнімнің 60 пайызын құрайды. Банкілердің тұрақтылығын қамтамасыз етуді Ұлттық банкі басым міндеттердің бірі ретінде санайды. А.Ахметовтің айтуынша, осы міндеттің аясында банкі секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасын іске асыру басталды. Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов сенаторларды «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының мазмұнымен таныстырды. Оның айтуынша, бюджетті жасақтау барысында теңдестірілген және айқын бюджет жөніндегі парламенттік тыңдаудың ұсыныстары, сондай-ақ Есеп комитеті мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұсынымдары ескерілді.
Б.Сұлтанов республикалық бюджеттің негізгі көрсеткіштерін баяндады. 2018 жылғы жалпы түсімдер 8 578,3 миллиард теңгені; 2019 жылы – 9 190,2 миллиард теңгені; 2020 жылы – 9 566,2 миллиард теңгені құрайды. Республикалық бюджеттің шығыстары 2018 жылы 9 217,9 миллиард теңгені; 2019 жылы – 9 798,2 миллиард теңгені; 2020 жылы – 10 219,7 миллиард теңгені құрайды. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бюджет заңнамасын қалыптастыру мәселелері бойынша да сөз алды.
Ұсынылған заң жобасы бірқатар негізгі бағыттар, атап айтқанда, өтініштерді келісу және бюджет үдерістерін әкімшілердіндірудің жекелеген кезеңдерін алып тастауға қатысты түзетулерді көздейді. Атап айтқанда, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын жоспарлау рәсімдерін оңайлату мақсатында келісу үдерісін 5 кезеңнен 3 кезеңге дейін қысқарту ұсынылып отыр. «Жалпы түзетулер бюджет қаржысын экономикаға дейін аса тез жеткізуге, игерілмеген соманы азайтуға, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының санын ұлғайтуға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың дербестігі мен жауапкершілігін арттыруға ықпал ететін болады», - деді министр. Таныстыруға қатысқандар баяндамашыға сұрақтар қойып, ұсыныстарын жеткізді.
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
БҚО: Жемқорлықпен күрес, бюджет қаражаты және «Е-асхана» жобасы -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор трансферті, бюджеттің атқарылуы және шығыстар мен кірістер -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика