- Басты
- Жаңалықтар
- Барлық этностар латын әліпбиін енгізу үрдісіне жағдай жасауы керек
Барлық этностар латын әліпбиін енгізу үрдісіне жағдай жасауы керек
«Қазақстандағы орыс, казак және славян ұйымының қауымдастығы» заңды тұлғалардың республикалық кеңес ұйымы 2017 жылдың 26 қыркүйегінде этномәдени ұйымдардың алдында тұрған қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу мәселесін талқылады.
«Бұл үрдіс бірде бір этномәдени ұйымды бейжай қалдырған жоқ. Алда өте күрделі жұмыс күтіп тұр, сенімділік, шыдамдылық, тұрақтылық пен саяси, әлеуметтік, қоғамдық әлеуетті қамтамасыз ету керек. Біз бұл орайда қоғамдық ұйымның жауапкершілігін түсініп отырмыз.
Нұрсұлтан Әбішұлы, «Қазақстандағы орыс, казак және славян ұйымының қауымдастығы» бейбітшілік пен келісімінің нығаюы жолында сіздің тірегіңіз болуды жалғастыратынына сенімді болыңыз. Біз сіздің латын әліпбиіне көшу бастамаңызды толық қолдаймыз.
Жүздеген этностардың дәстүрі мен мәдениеті, өмірлік ұстанымдарының ықпалдасуы қазақстандықтарға теңдессіз рухани байлықты қалыптастырып, бірегей этникаралық қарым-қатынасты орнатуға Ұлт көшбасшымен бірге жетуге мүмкіндік берді. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның барлық жетістігін анықтап, үшінші жаңғыру шешімінің мықты іргетасына айналды.
Ұлы Абай «Ұлттық мүддені қорғаудың басты тетігі – тіл» деп айтқан болатын. Латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің бәсекелестігін арттыруға бағытталған, жаңғырту оның барлық әлеуетін тек коммуникация қызметі ретінде ғана емес, рухани жаңғыру бойынша дәнекерші фактор ретінде, ұлттық біртұтастылықты нығайтуға мүмкіндік береді.
Сіздің бастамаңыз қазақстандықтарды орыс тілінен алыстатуды меңземейді. Ол ресми түрде қазақ тілінің қолдану дәрежесімен бірдей деңгейде қалады. Оның алуантүрлілігі мәдениет пен өркениетті біріктіретін мәдениаралық диалог болып табылады.
Біздің міндетіміз барлық қазақстандық этностардың латын әліпбиін енгізу үрдісіне жағдай жасауын қамтамасыз ету. Ол бекітілген соң – болашақта мемлекеттік тілді меңгеріп алуы керек. Бұл біздің түсінігіміз. Біздің бағытымыз. Бұл жұмыстарды біз ғылыми-сарапшылық қауымдастықтар мен елдің барлық өңірлерінде жүргізіп жатырмыз.
Біз қоғамдық келісімді сақтау мен нығайту жолында барлық әрекетке дайынбыз», - делінген хаттың мәтінінде.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді