- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда елдің туристік бренді құрылады
Қазақстанда елдің туристік бренді құрылады
«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Күзембаев Рашид Талапұлы ұлттық компания қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды.
Рашид Күзембаев атап өткендей, Ұлттық компания Қазақстанның туристік өнімін көпшілікке танытудың бірыңғай саясатын қалыптастырып, оның аясында елдің туристік бренді құрылады. Басымды кластерлердің бәсекеге қабілетті туристік өнімдеріне, сондай-ақ «Алма Отаны», «Қызғалдақ Жолы», «Ұлы Жібек Жолы», «Алтай - Өркениеттердің Бесігі» және «Жылқы Отандығы» атты 5 бәсекеге қабілетті туристік өнімдерге басты назар аударылады және аталғандардың негізінде «Apple fest», «Tulip Way» және т.б. тақырыптық фестивальдері өткізіледі.
Инвестициялар тұрғысынан Ұлттық компания инвесторларды тартуда өзінше ерекшеленеді, Инвестицияларды дамыту тұжырымдамасымен белгіленген басымдық кластерлерге «зәкір» инвесторларды тартуға көңіл бөлінеді, бұнда мемлекет «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ ретінде ірі «якорь» жобаларында тең инвестор бола алады.
«Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе отырып, жеңілдіктер алу үшін туризм индустриясын басымдықты тізімге енгізу, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік серіктестік нысандарын дамыту және халықаралық қаржы ұйымдары мен даму институттарымен өзара іс-қимыл жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде - деп атап өтті Р. Күзембаев.
Ең алдымен уәкілетті органмен және «Атамекен» ҰКП-мен бірге туристік қызмет субъектілерінің тізімін заңнамалық түрде кеңейту қажет. Бүгінгі таңда, заңға сәйкес туроператорлар, туристік агенттіктер, бағыттаушылар, бағыттаушылар ғана, ал бұл тізімге туристік инфрақұрылымды, ойын-сауық индустриясын және т.б. дамытуға жұмсайтын барлық кәсіпорындар кіруі тиіс.
«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ және «Атамекен» ҰКП арасында кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды