- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада FinTech Innovation Day өтуде
Астанада FinTech Innovation Day өтуде
АХҚО цифрлық технологиялар жөніндегі директоры Әсел Жиенбаева айтып өткендей, АХҚО ұлттық және өңірлік криптовалюталар жасау және блокчейн-технологияларды қолдану мәселесін қарастырады. Қазіргі уақытта қаржы орталығы блокчейн-технологиялар қолдану және криптовалюталар нарығын реттеу жөніндегі заң жобасын әзірлеу бөлігінде халықаралық тәжірибені зерттеу бойынша жұмыс жүргізуде.
«FinTech Innovation Day АҚШ-тағы венчурлық бизнестегі алғашқылардың бірі және Draper Fisher Jurvetson венчурлық компаниясының тең құрылтайшысы болып табылатын әлемдік деңгейдегі инвестор Тим Дрейпердің қатысуымен өтуде. Дамудың бастапқы және ерте кезеңдерінде технологиялық компанияларға венчурлық инвестициялаудың әлемдік көшбасшысы Тим Дрейпер болашақта Қазақстанда стартап жобаларды қаржыландыру қорын ашуды жоспарлап отыр. Ол Қазақстанның, оның экожүйелерінің қандай екенін көруге келеді және егер оған ұнап жатса, ол Қазақстанда стартап жобаларды қаржыландыру қорын ашады. Ол үшін біз келіссөздер жүргіземіз және бұл жалғыз қор болмайды деп сенеміз», - деді Ә. Жиенбаева.
Сондай-ақ, ол FinTech аясында құрамына ІТ-технологиялар саласындағы сарапшылар мен инвесторлар кіретін комиссия үздік 10 стартапты іріктеп алатынын түсіндіріп өтті.
«FinTech стартаптарының алғашқы бестігі 2017 жылы FinTech Festival Singapore қатысуға, халықаралық сарапшылармен танысуға, ықтимал инвесторлардың назарын аударуға және жаһандық FinTech қоғамдастығының бөлігіне айналуға мүмкіндік алады», - деп атап өтті Ә. Жиенбаева.
Сондай-ақ ол АХҚО ірі шетелдік FinTech-орталықтармен келіссөздер жүргізгенін атап өтті. Олардың арасында Гонконг, Сингапур, Корея, Қытай, Абу-Даби, Люксембург бар. Жергілікті деңгейде АХҚО «Astana Innovations», «Зерде» холдингі сияқты қаржылық технологиялар нарығын дамыту жөніндегі институттармен ынтымақтастық жасайды.
«Барлық кезең ішінде FinTech компанияларының дамуына жәрдемдесетін АХҚО хабы Абу-даби құру жоспарланып отыр. Компаниялар үшін оңайлатылған реттеушілік режимде жаңа FinTech-өнімдерді қолдану жөніндегі нұсқаулық әзірленді», - деп қорытындылады Ә. Жиенбаева.
Еске сала кетейік, Елбасы АХҚО-ға қаржылық технологияларды, соның ішінде блокчейн және криптовалюталарды дамыту жөніндегі жетекші сараптама орталығына айналуды және FinTech экожүйелерді дамыту үшін қажетті жағдайлар жасауды тапсырған болатын.
Қайрат Жандыбаев
Автордың суреті
-
Astana Hub: Invest Day-ге өтінім қабылдау басталды -
ҚР-дағы эпиджағдай: Шекараны кесіп өтудегі өзгерістер, «Ashyq» қосымшасы, 65+ жастағыларды вакцинациялау мәселесі -
Astana Hub: Инвесторлар мектебі мен Invest Day жұмысы қорытындыланды -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
Қазақстандықтар бүкіләлемдік «World cleanup Day» экологиялық акциясына қатысты -
ФОТО: Астанада полиэтилен пакеттерінен жасалған экологиялық арт-инсталляция ұсынылды -
"Инвесторлар мектебі" мен Invest day 2020 іс-шарасының қорытындысы шықты -
Қоғам белсенділері астанадағы аудан әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері болып тағайындалды -
Invest Day: жаңа қазақстандық стартаптар үшін тың мүмкіндік -
"ҚР үздік мемлекеттік қызметшісі" республикалық конкурсы өтуде -
Елорда оқушылары арасында бұрымдылар байқауы өтуде -
Келіп жатқан тауарлар химиялық өңдеуден өтуде – С.Омаров -
Тәжікстанда Қазақстандық медицина күндері өтуде -
Астанадағы проблемалы объектілердің құрылысын аяқтау үшін 40 млрд теңге бөлінді -
Astana Finance Days форумы – әлемдік қаржы алпауыттарын біріктірді