• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ғарышқа апарар жол: Астанада саланың әлеуеттері талқылануда (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Ғарышқа апарар жол: Астанада саланың әлеуеттері талқылануда (ФОТОРЕПОРТАЖ)

19 Қазан, 2017 13:32
Астанада Жер спутнигінің ұшырылуының 60 жылдығына арналған «Ғарышқа қазақстандық жол: нақты істер және перспективалар - 2017» халықаралық форумы өтуде.

Халықаралық форумның мақсаты экономика салаларының міндеттерін шешу үшін ғарыштық қызмет нәтижелерін пайдалану жөніндегі тәжірибені талқылау мен  алмасу болып табылады.

Төрт жыл бұрын басталған «Қазақстандағы ғарыш күндері» жыл сайынғы семинары 2017 жылы қатысушыларының көбеюімен және ауқымды міндеттерді қарастыруымен Халықаралық форумға ұласып отыр. 

Халықаралық форумда соңғы он жылдағы ғарыштық қызметтің қорытындылары, Қазақстан Республикасының ғарыштық саласының даму перспективалары қаралады.

Халықаралық форумды өткізу отандық және әлемдік ғарышкерліктің жетістіктерін кеңінен таратуға, Қазақстанның ғарыштық жобаларының инвестициялық тартымдылығының дамуына, әлеуетті тұтынушыларды (мемлекеттік органдар мен ұйымдар, жеке ұйымдар, қаржылық институттар және басқ.), Қазақстан Республикасының ғарыштық кәсіпорындары ұсынатын қызметтерді тартуға жәрдемдеседі.

Халықаралық ғарыштық форумда үстіміздегі жылы ғарыштық ведомстволар мен мемлекеттік органдардың 400-ден астам өкілінің, спутниктік жүйелер мен ғарыштық технологиялар жөніндегі әлемдік жетекші компаниялар мамандарының, атақты ғалымдардың қатысуы күтілетінін атап өткен жөн.

 

Аталған іс-шара шеңберінде «Қазақстандағы ғарыштық ғылым: жағдайы және перспективалары» тақырыбына бесінші Фесенковтық оқулар» конференциясын өткізу көзделген, оның аясында заманауи ақпараттық технологиялар негізінде алыс және жақын ғарыштың астрофизикалық объектілерін дамыту мәселелері; күн-жер физикасы және геодинамика; ғарыштық техника мен технологиялардың приборлары мен аппараттық-бағдарламалық құралдары; Қазақстанда аэроғарыштық материалтанудың өзекті мәселелері; ғарыштық мониторинг әдістерін және геоақпараттық технологияларды пайдалана отырып Жерді зерттеу  бойынша ғылыми және практикалық семинарлар өткізіледі.

 

 

Фото:  Бауыржан Жуасбаев

Барлық жаңалықтар