2014 жылы ҮИИД МБ аясында Атырауда 3 жоба жүзеге асырылды

13 Қаңтар, 2014 10:22
Үдемелі индустриялық – инновациялық даму аясында 2014 жылы Атырау қаласы бойынша 2,7 млрд.теңгені құрайтын 3 жоба іске қосылады деп жоспарланып отыр.

«2014 жылы Атырау қаласы бойынша 2,7 млрд.теңгені құрайтын 3 жоба  іске қосылады. Онда 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады», - делінген акиматта.

Атырау қаласы әкімдігі жанынан құрылған инновациялық  кеңес отырысында 26 жоба  қаралып, 17 жоба мақұлданды. 11 кәсіпкерге жер телімі бөлінді.

Атырау қаласында Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде құны 6 млрд.теңгені құрайтын «ШевронМұнайГазИнк» корпорациясының құбыр жүргізуші арматура шығаратын зауыты іске қосылып, 75 жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар, күні кеше құны 900 млн. теңгені құрайтын «ЖігерМұнайСервис» компаниясының сервистік қызмет көрсету орталығы іске қосылды.

 

Барлық жаңалықтар