- Басты
- Құрық портында алғашқы миллион тонна жүк тасымалы тіркелді
Құрық портында алғашқы миллион тонна жүк тасымалы тіркелді

Порт арқылы тиелген жүктердің негізгі тізілімінде мұнай өнімдері, химиялық тыңайтқыштар, халық тұтынатын тауарлар, металл өнімдері, машиналар мен жабдықтар бар. 2017 жылдың соңына дейін терминал 1,2 млн. тонна жүк тасымалдайды, ал келесі жылы бұл көрсеткішті 2 млн. тоннаға дейін жеткізеді, деген жоспар бар.
Құрық портының теміржол паром терминалы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып, өткен жылдың соңында іске қосылған болатын. Қазіргі уақытта Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында қойған міндеттерінің аясында Құрық портында қуаты 2 млн. тонна болатын автомобиль паромдық терминалы құрылысының екінші кезеңі жүріп жатыр.
Жобаны іске асыру Құрық портының Еуропа мен Азияны жалғайтын халықаралық көлік дәлізіндегі негізгі байланыстырушы болуына мүмкіндік береді.
Айта кетейік, «Қазақстан темір жолы» АҚ маркетингтік зерттеуіне сәйкес 2020 жылға қарай күтілетін құрғақ және паромдық жүк ағыны Қазақстан теңіз порттарының бағытында 13,7 млн. тоннаны құрайды. Негізгі транзиттік жүк ағыны контейнерлерде тасымалданатын Оңтүстік-Шығыс Азиядан, соның ішінде Қытайдан шыққан тауарлардан құралады. Орташа есеппен жылына 300 мың контейнерге дейінгі тасымал орындалады деп болжануда.
-
Әйелдер зорлық-зомбылығы: дене автономиясы, "shyn.kz" жобасы, жасөспірімдер арасындағы жүктілік
-
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады
-
Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидахуал өткен жылдың жаз айларындағы жағдайға ұқсас
-
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты
-
Қазақстандағы адам саудасы: үш жылда 1100 қылмыс тіркелді
-
Дәрігер: Қатерлі ісік неғұрлым алғашқы сатыда анықталса, емдеу нәтижелі болмақ
-
Зейнетақы жинақтарын пайдалану: алғашқы нәтиже, үй бағасының қымбаттауы, өтінім қабылдамаудың себептері
-
МӘМС: Кімдер тіркелді, халыққа қандай көмек көрсетілді және қордың пандемия кезіндегі жұмысы
-
Қ.Тоқаев Парламенттің VII шақырылымының алғашқы сессиясын ашты
-
«Таза сайлау» ұйымы: Сайлауда Қазақстан бойынша 500 заңбұзушылық тіркелді
-
ШОБ-ты қолдау: салықтық ынталандыру, әкімшілік жүктемені азайту, қызметтерді электронды форматқа көшіру
-
«Адамдарға көмектесу-мақтаныш емес, азаматтық борышым». Жүкті әйелді босандырып алған полицейдің әңгімесі
-
Гинеколог дәрігер жүкті келіншектер мен аналарға COVID-19 ауруынан сақтанудың жолдарын айтты
-
2 миллионнан аса қазақстандық тегін вакцина алады
-
Қазақстанда 53 млн тонна көмір өндірілді

