- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада тұрмысы төмен 1000 отбасына көмек көрсетілді
Астанада тұрмысы төмен 1000 отбасына көмек көрсетілді
«Рухани келісім күні елімізде жыл сайын зор қайырымдылық шараларымен қатар аталып өтеді. Осы дәстүрді жалғастыра отырып, еріктілер әлеуметтік тұрғыдан тұрмысы төмен отбасыларына мың азық-түлік жиынтығын таратып берді. Сонымен қатар, Қазақстанның Қызыл жарты ай қоғамының өкілдері шеберлік сыныбын өткізді», - деп хабарлады ұйымдастырушылар.
Қазақстанның Қызыл жарты ай қоғамы – әлемдегі ірі гуманитарлық ұйым Халықаралық Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест ұйымының бөлігі болып табылады. Олар әскери қақтығыстар, төтенше жағдайларда, бейбіт кезеңде көмек көрсетеді. Қызыл Жарты ай өкілдері түрлі елдердегі еріктілердің жұмыс ерекшеліктерімен таныстырып, тәжірибелерімен бөлісті.
Айта кетейік, Астанада «Рухани жаңғыру – гүлдену мен келісім жолы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде. Ұйымдастырушылары Астана қаласының әкімшілігі, Дін істері жөніндегі басқарма мен «Мәдениет арқылы бейбітшілікке қол жеткізу» атты Халықаралық қауымдастық. Конференция аясында Еуразия халықтары қауымдастығының отырысы, рухани мәдениеттің әлемдік форумы президиумының дөңгелек үстелі, Қазақстан, Ресей, Италия және т.б. елдердің халық әртістерінің қатысуымен рухани келісім күніне арналған гала-концерт өтті.
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі