- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыдағы Орталық Азия сауда форумына 18 ел қатысты
Алматыдағы Орталық Азия сауда форумына 18 ел қатысты
Орталық Азия, Азия және Еуропаның 18 елінен 500-ден астам компания басшылары мен мемлекеттік сектор өкілдері Алматыда ашылған Жетінші Жыл сайынғы Орталық Азия сауда форумына қатысты. Биылғы екі күндік сауда форумының тақырыбы «Өсу перспективалары: сауда, көлік және жеміс-көкөніс секторы". Қатысушылар әлемдік саудадағы бәсекелі позицияларын нығайту және өңірде жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында Орталық Азия компанияларының бәсекеге қабілеттілігі мәселелерін талқылады.
«Орталық Азия сауда форумы сатып алушыларды, сатушыларды біріктіріп, жас бизнеске өсуге, ал қолданыстағы кәсіпорындарға кеңеюге көмектесетін іскерлік байланыс орнату үшін тұғырнама ұсынады», - деп атап өтті Америка Құрама штаттарының Қазақстандағы елшісі Джордж А. Крол.
Бұл форум практикалық маңызға ие: Орталық Азия елдерінен көкөністер мен жемістер экспортының көлемін арттыру және өңірдегі сауда мен экономикалық өсуге кедергі келтіретін тасымалдау мен логистика бойынша сын-тегеуріндерді жеңу.
Сауда форумы аясында көрме ұйымдастырылып, онда өндірістік және көлік шығындарын төмендету мақсатында, жеміс-көкөніс секторы, көлік және логистика саласындағы жаңа технологиялар, жабдық пен көрсетілетін қызметтер ұсынылды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді