ШҚО-ның 100 ауылында Street Workout алаңдары салынбақ

20 Қазан, 2017 09:31
ШҚО-ның 100 ауылында Street Workout алаңдары салынбақ, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұқаралық спорт түрлерін дамыту мақсатында аймақ басшысы аудандар мен ауылдарды стрит воркаут алаңдарын салуды бастамақ.

«Стрит воркаут деген – турникте тартылу өнері. Өскемен қаласында стрит воркаут мәдениеті дамып келеді, ал өзге қалаларда неге даму жоқ» - облыс әкімі Даниал Ахметов.

Ең алдымен, аудан орталықтарында спорт алаңдарын сала бастау керек. Облыстың 100 ауылында 2018 жылдан бастап турник қойылған спорт алаңдары салына бастамақ


 

Барлық жаңалықтар