- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат комитетінде «Ұстап беру туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды
Сенат комитетінде «Ұстап беру туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды
Конвенцияға 1933 жылғы 26 желтоқсанда Монтевидео қаласында (Уругвай Республикасы) қол қойылған. Конвенцияның негізгі мақсаты айыпталушыларды немесе сотталған адамдарды әлеуметтік оңалтуға жәрдемдесу мақсатында оларды ұстап беру саласындағы ынтымақтастықты орнату, сондай-ақ сотталған адамдар үшін жазасын өз елінде өтеу мүмкіндігін жасау.
Осы Конвенцияның ережесіне сәйкес қатысушы мемлекеттер өздерінің аумағында жүрген айыпталушыларды немесе сотталған адамдарды қылмысы үшін қылмыстық қудалауды және сот үкімін орындауды жүзеге асыру үшін беруге міндеттенеді.
Конвенцияға сәйкес ұстап берілген адамның ұстап беруді сұратуға себеп болған құқыққа қарсы іс-әрекетті жасау жолымен алынған немесе дәлелдеме ретінде пайдаланылуы ықтимал мүлкі тәркіленуге және талап етуші елге берілуге жатады.
Конвенцияны ратификациялау кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 11-бабына сәйкес Конвенцияның 2-бабы бойынша өздерінің азаматтарын ұстап бермеуі туралы, сондай-ақ 15-бабы бойынша іздестіріліп жатқан адамның мүліктерін тәркілеу және беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатыны жөнінде мәлімдеме жасау ұсынылады. Құжат Палата қарауына жіберілді.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы