- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Қырғызстан Үкіметінің ресми делегациясымен келіссөздер аяқталды
Астанада Қырғызстан Үкіметінің ресми делегациясымен келіссөздер аяқталды
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Сапар Исаковтың шағын және кеңейтілген форматтардағы кездесулері өтті, олардың барысында шекаралық, көлік, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау, ЕАЭО және ДСҰ сәйкес нормалары мен ережелерін есепке алғанда кедендік және салықтық әкімшіліктендіруге қатысты мәселелер қаралды.
«Қазақстан Президенті Н. Назарбаев бірнеше рет атап өткендей, бауырлас екі мемлекеттің қарым-қатынасы барлық жағынан өнегелі болуы, әрі өңірдегі нәтижелі және өзара тиімді ынтымақтастықтың үлгісіне айналуы тиіс»,- деді ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев.
Өз кезегінде Қырғызстан Республикасының Премьер-Министрі Сапар Исаков Қырғызстан тарабынан салмақты делегация келгенін мәлімдеді.
«Мен Қырғызстанның Премьер-Министрі ретінде сындарлы жұмыс жүргізуге ниеттімін», — деді С. Исаков.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша екі тарап 19 қазан күнгі сағат 00:00-ден бастап қол жүктерімен өтетін жеке тұлғалар, жолаушылар тасымалдайтын тұрақты рейстік автобустар, жеңіл автокөліктер және бос жүк көліктері үшін Қазақстан-Қырғызстан шекарасын кесіп өтудің басым тәртібін қамтамасыз ететін болып келісті.
Бұдан өзге, екіжақты экономикалық қарым-қатынастың өзекті мәселелері бойынша бірлескен «Жол картасын» әзірлеу үшін Қазақстан мен Қырғызстанның премьер-министрлерінің бірінші орынбасарларының төрағалығымен жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қырғыз делегациясымен 2017 жылғы 18 қазандағы келіссөздердің қорытындысы бойынша мәлімдеме жасады.
«Жаңа ғана Қырғызстан Премьер-Министрі Сапар Исаков бастап келген ресми делегациямен келіссөздер аяқталды. Құрамында 30-ға жуық өкілетті мүшесі бар делегациямен арада экономикалық мәселелер бойынша жан-жақты әңгіме болды.
Бұл сапар қырғыз тарабының бастамасы бойынша телефон арқылы болған әңгіменің қорытындысы негізінде өтті.
Біріншіден, біз екі жақты экономикалық байланыстардың өзекті мәселелерін талқыладық. Олар екі ел арасындағы шекара және көлік тасымалына, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылауға қатысты болды.
Сондай-ақ, ЕАЭО нормаларына сәйкес кеден және салықтық реттеу мәселесі бойынша проблемалық мәселелер қаралды. Мысалы, біздің кеден органдары Қытайдан Қазақстан аумағы арқылы тауар алып өту барысында қырғыз кәсіпкерлерінің жалған декларация беру фактілерін анықтап отыр. Осының салдарынан біз тікелей зиян шегіп отырмыз.
Қырғыз тарабы қойылып отырған мәселелермен келісті. Премьер-Министр Сапар Исаков Қырғыз жағының міндеттемелерін бұлжытпай орындауға, сондай-ақ Еуразиялық Экономикалық Одақтың экономикалық мүдделерін қорғауға байланысты мәселелердің үйлесімді шешімдерін табуға кепілдік берді.
Екінші. Келіссөздердің қорытындысы бойынша екі ел премьер-министрлерінің бірінші орынбасарларының төрағалығымен жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Жұмыс тобы 5 жұмыс күні ішінде бірлескен Жол картасын дайындауы тиіс.
Жол картасы қабылданған соң тараптар келісімдердің толық орындалуын қамтамасыз етуге міндеттеме алады.
Сондай-ақ, біз осы жылғы 19 қазан күнгі сағат 00:00-ден бастап екі елдің мемлекеттік шекарасын, әсіресе, Қордай бекетінде кесіп өтудің басым тәртібін қамтамасыз ететін болып келістік.
Келісім бойынша қол жүктерімен өтетін жеке тұлғалар, жолаушылар тасымалдайтын автокөліктер, жеңіл автокөліктер және бос жүк көліктері үшін мемлекеттік шекараны кесіп өтудің басым тәртібі қолданылады», - деді Үкімет басшысы.
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
Сарапшылар: Түркі Кеңесі ұйымға айналса, түркі елдері арасында ынтымақтастық нығаяды -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық -
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері баспасөз мәслихатын өткізді -
Мемлекеттік емес ұйым саналатын мекемелерге ресми сайтта ақпаратты ашық жариялау міндеттеледі -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
COVID-19 екінші толқыны: Әлемдегі ахуал күрделі -
ФОТО: Астанада полиэтилен пакеттерінен жасалған экологиялық арт-инсталляция ұсынылды -
Мамин А. Мамин РФ үкіметінің төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті -
Қоғам белсенділері астанадағы аудан әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері болып тағайындалды -
Ө.Шөкеев: Көктемгі егіс жұмыстары толығымен аяқталды -
Қырғызстаннан ауырған жылқының еті әкеліп сатылуда деген хабарлама жалған - АШМ