- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақ-жапон экспедициясы археологиялық артефактарды іздестіру бойынша 5 мыңға жуық шақырымды жүріп өтті
Қазақ-жапон экспедициясы археологиялық артефактарды іздестіру бойынша 5 мыңға жуық шақырымды жүріп өтті
«Бүгінгі өтіп жатқан шараның маңызы зор. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарымызбен қатар, мәдениетіміз, тарихымызды дамыту, қазіргі қоғамға қажетті бағалы мұраларды қайта жаңғырту жүйелі түрде қолға алынып жатқаны белгілі. Бүгін Ұлттық музейде көпшілік назарына ұсынылып отырған өзге мемлекеттер мен Қазақстан ғалымдарының бірге жасаған экспедиция жұмыстары – аталған бағдарламаның жоғары нәтижесі. Экспедиция мамыр айында басталған. Оның нәтижесі ғылым саласындағы тың жаңалықтар болмақ», – деп атап өтті ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысы Қуатжан Уалиев.
ҚР Ұлттық музейінен хабарлағандай, стратификацияланған палеолит ескерткіштерін іздеу бойынша жүргізілген Майбұлақ кейінгі палеолит тұрағы және Шығыс Қазақстан өңіріндегі қазба жұмыстарына Қазақстан Республикасы ұлттық музейінің ғалымдары, Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Үндістан, Чехияның ғылыми мекемелерінің өкілдері қатысты.
Өткен дөңгелек үстел барысында 2016 жылы ҚР Ұлттық музейі мен РҒА Сібір бөлімінің Археология және этнография институтының мамандары ашқан Үшбұлақ палеолит тұрағына жүргізілген Халықаралық Қазақ-Ресей археологиялық экспедициясы зерттеулерінің нәтижелері де жарияланды. Аталған ескерткіш мәдени қабаттар 6 метр тереңдікте жатқан стратификацияланған бірден-бір нысан саналады.
Үшбұлақ стратификацияланған тұрағынан табылған нағыз тас индустриясы ежелгі адамдардың 40-35 мың жылдар бойы тас өңдеу технологиясын дамытқанын дәлелдейді және Қазақстан, Алтай, Сібірдің алғашқы адамдарының арасында өзара байланыс болғанын растайды.
Тас ғасырының жаңа 20 ескерткішінің ашылуы археологиялық экспедиция жұмыстарының негізгі нәтижесі болды
Атап өтер болсақ, Дөңгелек үстел жұмысына Нара ғылыми-зерттеу институтының профессоры Садакацу Кунитаке (Жапония) және танымал ғалымдар мен мамандар, қоғам қайраткерлері, Германия, Ресей, Жапония елшіліктерінің және Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері қатысты.
Шара барысында бес жылдық «PALEO SILK ROAD» бағдарламасы аясындағы ҚР Ұлттық музейі мен Тюбинген университетінің (Германия) халықаралық бірлескен экспедициясының бірінші жылғы жұмысы қорытындыланды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған