Қызылорда облысы күріштен рекордтық өнім алды

18 Қазан, 2017 18:09
Қызылорда облысы биыл 500 мың тоннадан астам күріш жинады. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен конференцияда мәлімдеді.

«Облыс тарихында біз алғаш рет күріштен рекордтық өнім жинадық – 500  мың тонна. Осы орайда, ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Біз Қытай, Түркия, Иранға күріш экспорттау  бойынша  келіссөздер жүргіздік», - деді әкім.

Сондай-ақ, күріштен бөлек ет пен дәнді-дақылдар да экспорттала бастады.

«Биыл облыста  бақша өнімдері  8 пайызға артты. Етті экспорттау бойынша жұмысты бастадық.  Мәселен, Иранға  10 бас қой экспорттадық. Болашақта  ет өнімдерін экспорттауды жоспарлап отырымыз», - деді ол.

Өз кезегінде, барлық экспорттаушы елдердің ішінде Иран  қызылордалық күрішке қызығушылық танытып отыр.

«Апта соңында Иранға жұмыс сапарымен баруды жоспарлап отырмыз. Мәселен, біздің күрішпен салыстырғанда ирандық күріш он есе қымбат. Иран  3 млн тонна күрішті экспорттайды. Бұл біз үшін үлкен мүмкіндік», - деді  өңір басшысы.

Ақбота Күзекбай

 

Барлық жаңалықтар