- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында «Майкрософт академиясы» ашылады
Қызылорда облысында «Майкрософт академиясы» ашылады
«Мемлекет басшысының экономиканы цифрландыру туралы тапсырмасына сәйкес біз облыс әкімдігінің ситуациялық орталығында аймақтың дамуын сипаттайтын экономикалық көрсеткіштер қорытындысын болжау бойынша бағдарламалық-математикалық үлгіні енгізу жұмыстарын бастадық. Оның ішінде қазіргі таңда «Ауыл шаруашылығы» блогында Machinе-Learning технологиясын қолдану арқылы күріштің шығымдылығын болжау, ал су шаруашылығы саласында су тасқыны жағдайларын рельефті модельдеу бағытын дамытып жатырмыз», - деді аймақ басшысы.
Еске салсақ, Machinе-Learning технологиясы – «Microsoft» компаниясының әлемде кең қолданылатын өнімі. Ағымдағы жылдың сәуір айында Қызылорда облысы республикада бірінші боп «Microsoft» компаниясымен ынтымақтастық жөніндегі меморандум жасаған болатын.
Сонымен қатар, бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу мақсатында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің базасында «Microsoft академиясын» құру туралы келісімге қол жеткізілді.
«Одан бөлек, ЭКСПО аумағын қолдана отырып, біз Мәскеу болат және қорытпалар институтымен Қызылордада машина құрастыру, 3-D принтерінің көмегімен түйіндер мен детальдар өндіруге бағытталған мәскеулік ғылыми-зерттеу инжиниринг орталығының баламасын құру жөнінде келіссөздер жүргізудеміз», - деді Қ.Көшербаев.
Айта кетейік, әкім отырыста үдемелі-индустриалды инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы туралы айтқан болатын.
Ақбота Күзекбай
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Жамбыл облысында 5000-нан аса дәрігерлер мен мұғалімдер екпе салдырды -
Қарағанды облысында мұғалімдер вакцина ала бастады -
Е.Алтынбеков: Жамбыл облысында адвокаттар саны артып, нотариус қызметіне өзгерістер енгізілді