Қызылордалық молибден үштотығы Жапонияға экспортталады

18 Қазан, 2017 17:26
Бүгінгі таңда Қызылорда облысындағы шыны зауытының құрылысы аяқталуға жақын. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз-конференциясында мәлімдеді.

«Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аймақ экономикасының дамуына тың серпін берді. Нәтижесінде облыста 20 жоба жүзеге асырылып, оның 16-сы бүгінде толық өнімділікке қол жеткізді», - деді әкім.

Соңғы жылдары аймақтан ҮИИДБ аясында жұмыс істейтін кәсіпорындарымен экспортталған өнім көлемі 23%-ға, ал импорттаушы мемлекеттер саны 8-ден 11-ге (Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан, Дания, Тәжікстан, Ауғанстан, Қытай, Ұлыбритания, Польша, АҚШ, Тайвань) артты

«Келер жылы аймақта шыны зауыты, молибден үш тотығын және тампонажды цемент шығаратын зауыттар секілді ірі индустриялық жобалар жұмысын бастайды», - деді Қ.Көшербаев.  

Әкім айтып өткендей, шыны зауытының құрылысы аяқталуға жақын.

«Наурызда шыны зауытының құрылысы аяқталады. Пешті жылы ауа райы кезінде жағу керек, сондықтан да наурыздың соңына қарай  пештерді іске қосамыз. 1 шілдеде  өндірісті іске қосамыз. Биыл біз дайындық жұмыстарына кіріскен болатынбыз. Келесі жылы зауыттың ультражіңішке шыны шығаратын кезеңін қол алатын боламыз. Демек, ол смартфон мен барлық гаджеттерге шыны шығарады», - деді аймақ басшысы.

 

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар