- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік қолдау аясында 335 отбасы жаңа қонысқа көшті
Мемлекеттік қолдау аясында 335 отбасы жаңа қонысқа көшті
Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау сияқты жұмыс күші артық облыстардан Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай сынды еңбек қолы тапшы өңірлерге 1324 адам қоныс аударды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жаңа мекенге қоныстанған еңбекке қабілетті азаматтар тұрақты жұмыс орындарына тұрғызылады.
«Ерікті көшті қолдауға арналған мемлекет көмегіне отбасының әр мүшесіне арналған 35 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі көші-қон субсидиясы, бір жыл жүзінде ай сайын берілетін 15-30 айлық есептік көрсеткіш сипатындағы баспана жалдау мен коммуналдық қызметтерді төлеу қаржысы кіреді», - деп хабарлады министрлік.
Еске сала кетсек, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру мақсатында, Үкімет көш шығатын және оны қабылдайтын өңірлерді, қоныс аударушыларды қолдауға қажет әлеуметтік көмек түрлерін анықтады.
Көш ерікті түрде және міндетті түрде жұмыс беруші тарапта бос жұмыс орындары болғанда ғана қолға алынады. Осы орайда, көшті қабылдайтын жақ халықты жұмыспен қамту орталығына қандай мамандықтар жөнінде қосымша еңбек күші керектігін, қойылатын талаптар мен шарттар туралы ақпаратты жеткізуі тиіс. Белгілі бір біліктілігі жоқ қоныс аударушы азаматтарға қысқа мерзімді оқудан өтіп, жұмысшы мамандықты меңгеруге мүмкіндік қамтамасыз етіледі.
Бағдарламаның аталған бағытын жүзеге асыру арқылы еңбек ресурстарының қозғалысы жанданып, азаматтардың экономика сұранысына сай ұтымды орналасуы қамтамасыз етіледі.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары