- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Нығматулин ұрланған автокөлік иелерін салықтан босату тетіктерін әзірлеуді ұсынды
Н.Нығматулин ұрланған автокөлік иелерін салықтан босату тетіктерін әзірлеуді ұсынды
Мәжілістің жалпы отырысында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасын қарастыру шеңберінде депутат Павел Казанцев ұрланған автокөліктерге салық салу туралы өзекті мәселені көтерді.
Бүгінгі таңда ұрланған көлік құралдарының иелері көлікке салынатын салықтан босау мақсатында құқық қорғау органдарына хабарлайды. Дегенмен, салық органдары салықты төлеуден босата алмайды, себебі көлік тіркеуден шығарылмайды.
Осы ретте, депутат ұрланған автокөлік бірнеше жыл бойы іздеуде болған уақытта көлік иесінің салық органдарына үнемі салық төлеуге тура келетінін атап өтті.
Осыған байланысты Мәжіліс Төрағасы жауапты министрлікке автокөлік иесінің автомобиль ұрлау туралы өтініші негізінде тиісті куәлік беріп, автокөлік іздеуде болған кезеңде салық органдары көлік иесін салықтан босату туралы ұсынысын білдірді.
Сонымен қоса Мәжіліс Төрағасы осы жобаның екінші оқылымда қайта қарау қажеттілігін атап өтті.
-
ІІМ: Автокөлік ұрлаған 8 қылмыстық топ ұсталды -
ІІМ: Жалған вакцина паспорт иелерін анықтау мақсатында қандай жұмыс жүргізілуде -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
Автокөлік ұрлығына қарсы күрес туралы заң жобасы қаралады -
Назарбаев Нығматулинді фракция жетекшілігіне ұсынды -
«Ауыл» партиясы балаларды бөліп жармай, бәріне бірдей 18 жасқа дейін әлеуметтік көмек беруді ұсынды -
Тағы да локдаун енгізілсе, Қазақстан кәсіпкерлерінің көбі банкротқа ұшырайды – А. Мырзахметов -
InfoKazakhstan е-платформасы қалай жұмыс істейді/ Бизнесіне тыйым салынған кәсіпкерлер үшін 42 500 төлене ме -
Astana Hub-тың қатысушы мәртебесін қалай алуға болады /қандай жеңілдіктері бар -
Тоқаев: Үкімет 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялауды ұсынды -
Тимур Құлыбаев бірыңғай ахуалдық орталық құруды ұсынды -
Алакөл жағалауындағы веложол мен автокөлік тұрағы пайдалануға беріледі -
AFSA COVID-19 жаһандық пандемиясына жауап ретінде қаржы нарығын қолдау шараларын ұсынды -
Корея елшісі карантинде көретін фильмдер тізімін ұсынды