• Басты
  • Дәрігер болу үшін мінез керек – Раушан Тектібаева (ВИДЕО)

Дәрігер болу үшін мінез керек – Раушан Тектібаева (ВИДЕО)

19 Қазан, 2017 09:05

Науқас дәрігерді, дәрігер науқасты жақтыра бермейді. Неге? Бірақ, басы ауырып балтыры сыздай қалған жанның бәрі, осы дәрігерден шипа іздейді. Емделуші мен дәрігер арасындағы бірде жылы, бірде суық қарым-қатынастың мән-жайын «Stratege2050.kz» АА тілшісі іздеп көрді. Астана қаласындағы емханалардың бірінде педиатр болып істейтін Раушан Тектібаевадан сыр тартты.  

Алматы облысының тумасы Раушан Төлендіқызы өмірінің он жеті жылын  медицина саласына, дәлірек айтсақ балаларды емдеуге арнаған. 1998 жылы Алматы қаласындағы Санжар Аспандияров атындағы медицина университетін тәмәмдаған соң, сол кезде енді ғана іргетасы қаланып жатқан Астанаға ат басын тірейді. Елордамен бірге өсіп, маман ретінде қалыптасады.  Бүгінде ол жоғары санаттағы педиатр дәрігер.

 

 

Осыншама есіл еңбек лайықты ескеріліп жатса игі еді. Алайда, жалақы мардымсыз және де бұл Раушан Тектібаева қызмет ететін бір мекемеге тән жағдай емес. Бұл барша Қазақстандағы медицина саласында қалыптасқан жағдай.  Мәселен, Раушан Тектібаеваның жалақысы жүктемені қосқанда орташа есеппен айына 120-130 мың көлемінде болады. Осының өзін, ешкімнен шағым түспесе, жұмысында ешқандай ескерту естімесе алады. Бұл елдегі орташа жалақыға да жетпейді.

 

Ия, мамандығын жан-тәнімен сүйетін дәрігерлер шын мәнінде ақшасына да, алғысына да қарамайды. Олар адалдықтың антына берік. Ал, дәрігерлердің қызметіне қанағаттанбайтындардың өзіндік себебі бар.

 

Өзі ақ халатты абзал жан. Жоғары санатты дәрігер. Адам жанының арашасы. Бірақ, балаларының өзінің жолын қуғанын қаламайды.

 

Елімізде жүзеге асырылып жатқан «Денсаулық» бағдарламасы аясында көптеген шаруа атқарылды. Оның игілігін бүгінде қалалық емханалар мен аураханалар көріп те жатыр. Жабдықталуы жағынан шетелдік клиникалардан кем емес. Ал ауылдағы аураханалар мен амбулаториялардың күйі бөлек әңгіме. Сөз соңында министр болсаңыз, не істер едіңіз деген сауал тастадық. Маман көп ойланған жоқ.

 

Мөлдір Асқарқызы

Видео: Азамат Әлиев

Барлық жаңалықтар