Б.Сағынтаев Астананы газдандыру жұмысы туралы баяндады

18 Қазан, 2017 14:23
Астананың газдандыру жұмысы қалай өтетіндігі туралы Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мәлімдеді.

Депутаттар Премьер-Министрге Мемлекет басшысының  елдердің  орталық өңірлерін  газдандыру тапсырмасы жүзеге  асырылатыны  туралы  сұрақ қойды.

«Елдің орталық  өңірін, елорданы  қосқанда   газдандыру міндетті тәртіпте жүзеге асырылады.Бірақ, қашан? Халық біздің  50 млрд текше метр газ өндіріп отырғанымызды біледі, бұл кері өндіру мен өндіру компанияларының  нанотехнологиясының есебінде жеткілікті. Бізде 30 млрд-қа жуық  тауарлық газ бар. Оның тең жартысын тұтынамыз,  15 млрд-тан астамын экспорттаймыз. Алғашында  Қарталы-Тобол-Көкшетау-Астана  тарапындағы бағыт қарастырылған болатын», - деді Премьер-Министр.

Бақытжан Сағынтаев айтып өткендей, ресейлік газға тәуелді болғандықтан, бұл жоба уақытша тоқтатылды.

«Бұл мәселе талқыланып жатқан кезде батыс өңірінде –Бейнеу-Бозой-Шымкент  тарапында жаңа газ құбыры салынды, алғашқы бөлігі  2013 жылы тапсырылды, сол кезде батыс аймақтарынан  отандық газды  орталық және солтүстік өңірлерге тарату тапсырмасы жүктелді. Осы орайда «Сарыарқа» магистарльді газ құбырының  құрылысы  бойынша есеп жүргізілді», - деді ол.

Б.Сағынтаев айтып өткендей, аталмыш жобаның құны  370 млрд теңге.

«Бұл қомақты қаржы, біз қазір  қаржыландыру көзін анықтау бойынша жұмыс жүргізудеміз. Жобаны жүзеге асыру  бірнеше кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңде біз Астанаға жетеміз, екінші кезеңде Көкшетауға дейін Ақмола облысын қамтимыз,үшінші кезең Көкшетаудан Петропавл қаласына дейін болмақ. Бөлу желілері анықталмаған, жобаның құны  трлн теңгені құрайды. Егер оны тарифке шығарсақ, 55 теңге болады, бұл өте қымбат тариф, бүгінде  ең қымбат тариф  ол Алматыда – текше метріне  36 теңгені құрайды. Осы орайда туындаған ұсыныс, бұл шығындарды көліктік желіге бөлу керек. Жеке меншік ұйымдарды аталмыш жұмысқа тарту бойынша жұмыс жүруде. Жақын арада  нақты шешім қабылданып, Елбасының тапсырмасы орындалады», - деді Б.Сағынтаев.

Ақбота Күзекбай 

Барлық жаңалықтар