- Басты
- Жаңалықтар
- Бюджет шығыстарының жалпы көлемінде ең үлкен үлес әлеуметтік салаға тиесілі – Қаржы министрлігі
Бюджет шығыстарының жалпы көлемінде ең үлкен үлес әлеуметтік салаға тиесілі – Қаржы министрлігі
Министр атап өткендей, 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетжобасы ағымдағы жылғы тамыз айында мақұлданған және 2018-ден 2022 жылына дейінгі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы негізінде әзірленген.
«2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының параметрлері өзгеріссіз қалды. Түзетулер тек шығыстардың құрылымына қатысты болды. Қаражаттардың артық ағымын шығыстардың жеке бағыттары арасында жүзеге асыру ұсынылады. Жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттің негізгі параметрлері, түсімдер: 2018 жылы – 8 578,3 млрд. теңге немесе ЖІӨ-ге 15,3%; 2019 жылы – 9 190,2 млрд. тенге немесе ЖІӨ-ге 15,1%; 2020 жылы – 9 566,2 млрд. теңге немесе ЖІӨ-ге 14,6%», - деді ведомство басшысы.
Бұдан басқа, министр бюджет шығыстарының негізгі бағыттарына тоқталды.
«Республикалық бюджет шығыстарының жалпы көлемінде ең үлкен үлес әлеуметтік салаға тиесілі. Ол 2018 жылы 44,6%-тен 2020 жылы 47,4%-ке дейін өседі. Ақшалай мәнде осы салаға арналған шығыстар 13 401 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде 2018 жылға – 4 108,6 млрд. теңге. Осы блоктың шығыстарының ең ірі көлемі әлеуметтік қамтамасыз ету және еліміздің азаматтарына әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталады», - деп атап өтті ведомство басшысы.
Жоспарланған кезеңде осы бағытқа 8 707,5 млрд. теңге көзделеді. Олардың ішінде ағымдағы жылға қарағанда 473 млрд. теңгеге яғни 22,1%-ке өсе отырып 2018 жылдың шығыстары 2 612,9 млрд.теңгені құрайды, деп толықтырды Бақыт Сұлтанов.
«Бұл ретте, көрсетілген шығыстардың негізгі үлесін әлеуметтік төлемдер құрайды. Оларды қаржыландыру үшін үш жылдық мерзімде 8 508,7 млрд. теңге бағытталатын болады, оның ішінде 2018 жылы – 2 547,9 млрд. теңге», - деді Б. Сұлтанов.
Ол ағымдағы жылға қарағанда 2018 жылы зейнетақы төлемдерінің ұлғаюы бірқатар факторлар мен бастамаларға байланысты болатынын тілге тиек етті.
«Бұл төлемдерді алушылар контингентінің өсуі, зейнетақы мөлшерін жыл сайын индекстеу, зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақыны тағайындау тәртібінің өзгеруі, сондай-ақ ең төмен күнкөріс деңгейі құрылымының 60/40-тан 55/45-ке дейін азаматтардың нақты тұтыну шығыстарына сәйкес өзгеруі.
Бұдан басқа, 2018 жылдан бастап ең төмен күнкөріс деңгейінен 50% деңгейде көмек көрсету үшін критерийлерді белгілей отырып атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізілетін болады», - деп атап өтті министр.
Б. Сұлтановтың айтуынша, денсаулық сақтау жүйесіне 2018-2020 жылдарға арналған шығыстар 3 342,5 млрд.теңгені құрайды, оның ішінде 2018 жылы – 1 070,3 млрд.теңге.
«Олардың өсуі негізінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға сапалы өту мақсатында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің күшеюіне байланысты. Білім және ғылым жүйесін дамытуға 2018-2020 жылдарға арналған бюджет жобасында 1 123,1 млрд. теңгекөзделген, оның ішінде 2018 жылы – 340,6 млрд. теңге», - деді қаржы министрі.
Ведомствоның мәліметі бойынша, 2018-2020 жылдары мәдениет және спортты дамытуға арналған шығыстар 219,7 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде 2018 жылы – 82 млрд. теңге.
Ақбота Кузекбай
-
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды