- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысында бюджеттік бағдарламалар оңтайландырылды
Павлодар облысында бюджеттік бағдарламалар оңтайландырылды
«Облыс әкімінің тапсырмасымен облыстық бюджетті жоспарлаудың амал-тәсілдері толығымен қайта қарастырылмақ, бұл республикалық бюджеттен үшінші кезеңге бөлінетін субвенция көлемінің 2016 жылға қарай 21 млрд. теңгеге қысқаруымен байланысты болып отыр.Аталмыш мәселе облыстық мәслихат отырысында қарастырылған басты сұрақтардың бірі болды. Бүгінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық өсіміне әсерін тигізбейтін тиімсіз шығындар да азайтылды. Одан алынған қаражаттар ең алдымен, облыс халқының мүддесін қарастыратын басты мәселелерді шешуге жұмсалмақ», - делінген хабарламада.
Жекелеген әлеуметтік мәселелердің басымдылығы мен бірінші кезектілік сипаты ескеріле отырып, басымдылығы жоқ шығындар қысқартылды:- Ертіс ауданындағы мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейтуге арналған трансферттер – 147,7 млн. теңге;- аудандарға ауылдардың спорт алаңдарын жайластыруға бөлінген трансферттер – 235,5 млн. теңге;- Ж. Аймауытовтың ескерткішін орнатуға – 60,0 млн. теңге;- Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театры ғимараты қасбетінің күрделі жөндеуіне арналған ЖСҚ әзірлеуге – 10,0 млн. теңге;- Ақсу қаласы Жолқұдық ауылдық аймағы мен Павлодар ауданы Чернорец ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысы – 240,0 млн. теңге.
Сонымен қатар Шарбақты, Лебяжі және Жедезин аудандарының, Жолқұдық ауылдарының тұрғындарына туляремия және сібір ісігіне қарсы екпе салуға 11,7 млн. теңге қаражатқа дәрі-дәрмек сатып алынды.
Сондай-ақ Баянауыл мен Павлодар аудандарын жедел медициналық жәрдем бригадаларымен, Павлодар қаласына қосымша тағы бір бригада енгізу мәселесі де оң шешімін таппақ. Бұл мақсаттарға 59,2 млн. теңге бағытталады.
Облыстық білім беру мекемелері мұғалімдерінің үшдеңгейлік жүйе бойынша біліктілігін арттыру курстарында болған кезінде оларды алмастыратын жұмысшылардың еңбекақысын төлеуге 25,3 млн. теңге жұмсау көзделуде.
Шайбалы хоккейден жастар құрамасын дамытуды қолдауға қосымша 30,6 млн. теңге, Оңтүстік Кореяда өтетін жазғы Азиаттық ойындарға 15 спортшының қатысуы үшін лицензия ұтып алуға 42,8 млн. және мүгедек спортшыларды ақшалай қолдауға 4,8 млн. теңге қаражат бөлінді.
Ақсу қаласындағы ғимараттардың кәріздік тазалау бойынша күрделі жөндеу жобасының басымдылығын ескеріп, оны ағымдағы жылы аяқтау мақсатында 459 млн. теңге (жалпы құны – 810 млн.) бағытталған.
Сонымен қатар су қорының бар болуы анықталған облыстың 60 ауылына «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында су құбыры құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 271 млн. теңге қарастырылған. Одан әрі бұл жобалар республикалық бюджеттен мақсатты трансферттерді бөлу үшін Республикалық бюджет комиссиясы қарауына бағытталатын болады.
Бұдан басқа республикалық бюджеттің мақсатты трансферттері есебінен жүзеге асушы инвестициялық жобалар мен «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыруға 197,9 млн. теңге мөлшерінде қосымша қаржыландыру да қарастырылған.
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 2 бөлім -
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 1 бөлім -
Жамбыл облысында 5000-нан аса дәрігерлер мен мұғалімдер екпе салдырды -
Қарағанды облысында мұғалімдер вакцина ала бастады