- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкентте жаңа әуежай салынады
Шымкентте жаңа әуежай салынады
«Қазіргі қолданыстағы әуежайдың Қорғаныс министрлігінің теңгерімінде болуына байланысты жаңа әуежайдың 3 жаңа нобайын әзірледік. Алғашқы нұсқа бойынша әуежай қазіргі әуежайдың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасса, екінші нұсқада Ордабасы ауданының аумағында, ал үшінші нұсқада Шымкент қаласының солтүстік жағындағы аумақта орналасатыны көрсетілген», - деді Еркін Жүсіпов.
Басқарма басшысының айтуынша, өңірге туристерді көптеп тарту мақсатында Тараз, Қызылорда, Ташкент бағыттарынан облыс аумағына кіреберіс қақпалар мен белгілердің жаңа нобайлары жасаланыпты. Сонымен қатар, "Батыс Еуропа - Батыс Қытай'' халықаралық көлік дәлізінің 8 аудан аумағынан өтетін бөлігінде бой көтеретін 39 қызмет көрсету нысанының эскиздік нобайы да әзірленіп, облыстық қала құрылысы кеңесінің талқылауына ұсынылған.
Қазіргі таңда облысымыздағы тұрғындар саны 5 мың адамға дейінгі елді мекендерді дамыту мен құрылыс салу схемаларымен қамтамасыз ету 55 пайызды құрайды. 2016 жылы 114 елді мекеннің схемасын әзірлеу жоспарланса, бүгінде оның 104 дайындалған.
Бұдан бөлек, басқарма облыс әкімінің тапсырмасымен 40 қабатты «Шымкент тәжі» тұрғын үй кешенінің нобайын әзірлеп бітірген. Сонымен қатар, Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес өндіріс және базарларды, сауда орталықтарын шаһар орталығынан қала сыртына көшіру нұсқалары ұсынылған.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді