• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Малайзиямен ақпараттық қауіпсіздік саласында ынтымақтастық жүргізеді

Қазақстан Малайзиямен ақпараттық қауіпсіздік саласында ынтымақтастық жүргізеді

18 Қазан, 2017 17:14
Куала-Лумпур қаласында «Қазақстан Инжиниринг» R&D орталығы» ЖШС мен «Cybersecurity Malaysia» арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Меморандумға қол қою ағымдағы өткен «Cyber Security Malaysia Awards» конференциясы шеңберінде өтті.

Аталған меморандум шеңберінде екі елдің кибершабуылдарға қарсы әрекет етуге, кадрларды даярлау мен қайта даярлауға, ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу жобаларын бірлесіп жүзеге асыруға бағытталған өзара әрекеттестік көзделген.   

Аталған көрмеде ОША елдері нарығында коммерциялану болашағы бар ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қазсқатандық компаниялардың әзірлемелері көрсетілді.

 

Барлық жаңалықтар