- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда көгалдандырудың тұжырымдамасы әзірленуде
Алматыда көгалдандырудың тұжырымдамасы әзірленуде
Ұсыныстар 2017 жылғы 31 қазанға дейін, 31-ін қоса есептегенде, қабылданады.Бұдан бұрын ұсыныстардың 2017 жылғы 15 қазанға дейін қабылданатыны туралы хабарланған болатын.
«Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» КММ тапсырмасы бойынша қолайлы қала ортасын жақсарту мақсатында Алматы қаласын көгалдандырудың тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Тұжырымдаманы әзірлеу үшін орман шаруашылығы ғалымдары, сәулетшілер, биологтар, экономистер, гидрологтар және қоғамдық ұйым өкілдерінен жұмыс тобы құрылды», - делінген хабарламада.
Тұжырымдама қаланың климаттық ерекшелігі, топырағының құрамы, жерасты суының жақын орналасуы деңгейін, жануарлар дүниесінің биологиялық алуантүрлілігіне талдау жасауға негізделген.
Тұжырымдама егілетін ағаш-бұташа, өсімдік материалдарын таңдау, дайындау және оны күтіп баптау әдістемесінен, саябақтар, аула ішіндегі аумақтар, санитарлық қорғаныс аймағына арналған бірыңғай қалалық көгалдандыру жүйесінен құралып, қала аумағын абаттандыру және көгалдандыру жүйесін дамыту жөніндегі Алматы қаласының бағдарламасын әзірлеуге, Алматы қаласының аумағында өзінің қызметін жүзеге асырып жүрген кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметіне негіздеме болады.
Тұжырымдама әзірлеудегі тағы бір мақсат - бұрыннан бар жасыл желектердің күйін жақсарту және жалпы пайдаланудағы жасыл желектердің бір адамға шаққандағы көлемін 13 шаршы метрге дейін арттыру болып есептеледі.
-
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мемлекеттік басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасы: жаңа құндылықтар мен цифрлық сервис -
Алматыда карантин шараларының сақталуын бақылау күшейтілмек -
Алматыда 35 мыңға жуық адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасты -
Экономиканы дамыту шаралары: Жаңа құрылым енгізу, кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасы және цифрландыру мәселелері -
Балабақшалардағы кезекті азайту: Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орындар ашылады -
Алматыдағы эпиджағдай: Тұрақтандыру қорында 8 млн дәрі-дәрмек бар, 3 көпсалалы клиника салынбақ -
Биыл Алматыда медициналық кадрларды даярлауға қаржы көбірек бөлінді -
Алматыда балаларға тегін қосымша білім беруге көңіл бөлінбек