СІМ Қазақстан туралы цифрлық энциклопедияны жасақтады

18 Қазан, 2017 10:56
ҚР СІМ «Қазақстан-Ұлы Дала Елі» мобильді қосымшасын ұсынды, ол география, тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын Қазақстанның шынайы ықшам энциклопедиясы болып табылады.

Жүздеген бірегей фотосуреттер, бейнеклиптер, 3D нысандар, панорамалар, инфографиктер мен интерактивті карталар және басқа да пайдалы ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.

Бұдан басқа, қосымша Қазақстанға туристік немесе іскерлік мақсатпен келуді жоспарлайтын шет ел азаматтары үшін, сондай-ақ туристер, студенттер, зерттеушілер, журналистер мен бизнесмендер үшін таптырмайтын құрал болады.

Атап өтер болсақ, қосымшаны AppStore, PlayMarket, Windows және веб-нұсқа арқылы жүктеуге болады.

Барлық жаңалықтар