- Басты
- Жаңалықтар
- Польшада 800-ден астам қазақстандық студент білім алып жатыр – Д.Мыңбай
Польшада 800-ден астам қазақстандық студент білім алып жатыр – Д.Мыңбай
Іс-шараға Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Селим Хазбиевич, Польша Ішкі істер министрлігінің Азаматтық және репатриация департаментінің директоры Марек Зелинский, ҚХА өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан мен Польша арасындағы қоғамдық келісімді қамтамасыз ету, этносаралық қатынастар саласындағы саясатты және өзара іс-қимылдарды жүзеге асыру, қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған түрлі іс-шараларды бірлесе ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Дархан Мыңбай сөз басында екі ел арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін және оны әрі қарай дамыту қажеттілігін атап өтті.
«Сондай ақ, биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жыл толып отырғандығын және осы уақыт ішінде барлық салаларда жақсы серіктестік қарым-қатынасқа қол жеткіздік», - деді Д.Мыңбай.
Бүгінде елімізде Қазақстан поляктарының одағы жұмыс істеуде. Аталмыш одақтың бөлімшелері республиканың барлың өңірлерінде құрылған.
«Қазақстан аумағында поляктардың жеті этномәдени бірлестігі жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда поляк тілі көптеген мектептерде оқытылуда. 800-ден астам қазақстандық студент Польшада білім алып жатыр. Бұған білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім ықпал етуде. Біз бұл істі одан әрі дамытуды көздеп отырмыз» деді ол.
Польшаның ІІМ және әкімшілігнің бас хатшысы өз кезегінде Қазақстанның Польша үшін маңызды серіктестердің бірі екендігін атап өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері