- Басты
- Жаңалықтар
- Ауыл шаруашылығы өнімділігінің көлемін арттыру қажет – Н.Назарбаев
Ауыл шаруашылығы өнімділігінің көлемін арттыру қажет – Н.Назарбаев
Кездесуде еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бағдарламасы арқылы атқарылған жұмыстардың аралық нәтижелері және оны одан әрі іске асыру жөніндегі жоспарлар талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің барлық диқандарын астық жинау науқанының табысты аяқталуымен құттықтады.
«Жаз айларының басындағы күрделі жағдайға қарамастан, ауыл еңбеккерлері айтарлықтай көлемде астық жинады. Ішкі қажеттілікті қанағаттандыруға және өнімімізді экспортқа шығаруға мүмкіндік бар. Жалпы, барлық мәліметтер оң қарқынды көрсетіп отыр», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығының ел экономикасындағы маңызды рөліне тоқталып, осы салаға бөлінген қаржыны пайдаланудың тиімділігі төмен екенін атап өтті.
« Аграрлық сектор экономикамыздың қозғаушы күші болып саналады. Оған мемлекет көп қаржы құйып жатыр. Оның тиісті қайтарымы болуға тиіс еді, бірақ, өкінішке қарай, олай болмай отыр», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен бірге, Қазақстан Президенті биылғы астық жинау науқаны жоғары қарқынмен жүргізілгенін айтты.
«Биыл 21,7 миллион тонна астық жиналып, орташа өнімділік гектарына 14,2 центнерден болды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда көбірек. Белгіленген жоспарға сәйкес, біз тұтынушылық кооперацияны дамытумен, тұқымдық қорды жақсартумен және мал шаруашылығының өнімділігін арттырумен айналыстық», – деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы өнімділігінің көлемін еліміздің ғылыми әлеуетін пайдалана отырып арттыру қажеттігіне назар аударды.
Асқар Мырзахметов Қазақстан Президентіне агроөнеркәсіптік кешеннің мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығының 12 басым бағытын одан әрі дамытудың арнайы карталарын әзірлеу барысы жөнінде баяндады.
Соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр