• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қырғызстаннан Қазақстанға келетін әрбір алтыншы көлік талаптарды орындамайды

Қырғызстаннан Қазақстанға келетін әрбір алтыншы көлік талаптарды орындамайды

17 Қазан, 2017 17:34
Бір аптада тексерілген 800 көліктің 117-де ереже мен тәртіп бұзушылық тіркелді. Қырғызстаннан келетін әр алтыншы көлік Қазақстанның шекарасын ережені бұзып кесіп өтеді, деп хабарлады BNews.kz.

«Біз жергілікті полиция қызметімен, энеонмикалық тергеу қызметі және мемлекеттік кірістер органдарымен бірлесіп жұмыс істейміз. Және де біз тәулік бойы көліктің өтуін қадағылап отырамыз. Өткен аптада 835 қырғыздық автокөлік тексерілді, оның нәтижесінде 117 бұзушылықтар анықталды. Яғни, қазақстанның аумағы арқылы өтетін 6-7 қырғыз тасымалдаушысы көлікпен тасымалдау талаптарын сақтамайды», - деді ҚР инвестициялар мен даму министрі Жеңіс Қасымбек ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.   

Оның айтуынша, көбіне қырғыз тасымалдаушыларының тауарды тасымалдау бойынша құжаттары толық емес - 56 бұзушылық, салмағының шамадан тыс көп болуы – 34 бұзушылық, каботаждық тасымалдау – 7 бұзушылық, сапарға рұқсат беретін қазақстандық құжаттың болмауы – 10 бұзушылық және тағы да 10 өзге де бұзушылықтар. 

Барлық жаңалықтар