- Басты
- Жаңалықтар
- Қ. Тоқаев Вьетнам парламентінің басшысымен келіссөз өткізді
Қ. Тоқаев Вьетнам парламентінің басшысымен келіссөз өткізді
Оның айтуынша, дипломатиялық қатынастар орнаған 25 жылда біздің елдеріміз арасындағы барлық саладағы, әсіресе, саяси және сауда-экономикадағы ынтымақтастық іс жүзінде дами түсті. Сонымен бірге, екі елдің мүмкіндіктері мен мүдделеріне сай келетін ынтымақтастықты өрістету жөніндегі ауқымды жұмыстар атқарылатын болады.
Екіжақты өзара іс-қимыл туралы айта келіп Қ. Тоқаев Қазақстанда халықаралық логистикалық хаб құруға бағытталған трансқұрлықтық инфрақұрылым жобаларының іске асуына байланысты вьетнам бизнесі үшін ашылатын мүмкіндіктерге тоқталды.
Сенат Төрағасы ЕАЭО мен Вьетнам арасындағы еркін сауда туралы келісімді іске асыру тұрғысында біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымын одан әрі ұлғайтудың келешегі зор екенін атап өтті.
Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін шақыру жөніндегі Қазақстанның тәжірибесі және онда діни және саяси қайраткерлер қазіргі замандағы аса маңызды мәселелерді талқылайтыны туралы Сенат Төрағасының ақпараты меймандардың зор ықыласын туғызды.
Вьетнам делегациясы басшысының пікірінше, бұл форум ұлтаралық және дінаралық бейбітшілік және келісім жөніндегі Қазақстан басшылығының жемісті саясатының жарқын көрінісі болып табылады.
Тараптар екі ел арасындағы сауда, өзара гуманитарлық іс-қимыл, мәдени және туристік сапарлар мәселелерін талқылады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда