- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 300-ге жуық мемлекеттік меншік объектісі жекешелендірілген
Қазақстанда 300-ге жуық мемлекеттік меншік объектісі жекешелендірілген
Министр хабарлағандай, сатылған нысандардың: сату бағасы 8,3 млрд теңге болатын республикалық меншіктегі 23 нысан, сату бағасы 33,1 млрд теңгені құраған коммуналдық меншіктегі 162 нысан және сату бағасы 71,3 млрд теңге болатын квазимемлекеттік сектордың 106 нысаны. Бұдан басқа, 211 нысан қайта ұйымдастыру және тарату кезеңінде.
Осылайша, қайта ұйымдастырылатын және таратылатын нысандарды есепке алғанда Кешенді жоспарды орындау 74,3% құрады.
«Жалпы 2017 жылға 473 нысанды өткізу жоспарланған, оның ішінде бүгінгі таңда 251 нысан сатылымға қойылды, 55,6 млрд теңге сомаға 112 нысаны сатылды. 115 нысан қайта ұйымдастыру және тарату кезеңінде. Осылайша, жыл соңына дейін 107 нысанды өткізу қажет. Нысандарды сатудың нәтижелілігін талдау нәтижелері жалпы теңгерімдік құны 96 млрд теңге кезінде 291 нысанды өткізу сомасы 112,7 млрд теңгені құрады», - деп хабарлады Б. Сұлтанов.
Сонымен қатар, минитср хабарлағандай, ең үздік нысандарды өткізу мәселесі бойынша 2017 жылға 24 нысанды өткізу жоспарланған, оның ішінде 20 нысан ұлттық холдингтер мен төрт нысан республикалық меншікке тиесілі. Олардың қазіргі уақытта 6-уы сатылды және 11-і сатылымға қойылды — бұл «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ сегіз нысаны мен «Бәйтерек» ҰБХ үш активі.
«Республикалық меншіктегі ең үздік төрт нысан бойынша келесі жұмыс жүргізілуде: «Астана қонақ үйі» АҚ, «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ және «Қазмедтех» АҚ нысандары бойынша — бағалау жүргізуге тәуелсіз консультанттар тартылды және қазіргі уақытта бағалау бойынша іс-шаралар аяқталып қалды. Сонымен қатар, «Астана Халықаралық әуежайы» АҚ бойынша — «Көкшетау авиакомпаниясы» АҚ қосу арқылы қайта ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілуде, жекешелендіру түрі бойынша ҚР Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді», - .
Өз кезегінде, ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов «Самұрық-Қазына» қорының активтерін бәсекелі ортаға беру үдерісінің тиімділігін қамтамасыз ету және оны жеделдету мақсатында «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» заңға түзетулер енгізілгенін жеткізді.
«Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес Бюджет кодексіне және «Мемлекеттік мүлік туралы» заңға республикалық меншікті жекешелендіруден түскен қаражатты Ұлттық қорға беруді, сондай-ақ ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың активтерін бәсекелі ортаға беруді қарастыратын түзетулер енгізілді. Мемлекеттік органдардың ведомствоға қарасты ұйымдарды түгендеу нәтижелері бойынша мемлекеттік меншік пен квазимемлекеттік секторда қалатын, сондай-ақ таратылуы тиіс нысандар тізілімі жасалды. Мемлекеттік меншікте сақталатын ұйымдар тізімі 6523 ұйымнан тұрады, олардың 85%-ын әлеуметтік сала ұйымдары құрайды», - деп атап өтті Р. Дәленов.
Белгілі болғандай, қазіргі уақытта мемлекеттік органдар Мемлекеттік мүлік тізілімінде әрбір ұйымға «мемлекеттік меншікте тұрақты/уақытша сақтау», «тарату», «қайта ұйымдастыру», «жекешелендіру» мәртебелері берілетін болды. Алдағы уақытта мемлекеттік меншікте сақталатын ұйымдар тізімі МЖӘ мен бәсекелі ортаны дамытуға қатысты қайта қаралады.
«Қолға алынған шаралар квазимемлекеттік сектор нысандарын жекешелендіру үдерісін заңнамалық түрде жеделдетуге мүмкіндік берді, сондай-ақ МЖӘ аясында үлгілік келісімшарттар жасауға көмектесті», - деп түйіндеді Р.Дәленов.
Қайрат Жандыбаев
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары