- Басты
- Жаңалықтар
- Жаңа ереже ПИК қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді – әкімдік
Жаңа ереже ПИК қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді – әкімдік
Алматы қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инпекциясы басқармасы билік органдары қызметінің ашықтығын, сонымен қатар көпәтерлі үйлерді тиісті жағдайда ұстау мақсатында Алматы қаласы тұрғын үй қорын ұстаудың жаңа Ережесін жасаған еді.
«Ережені жасау барысында тұрғындардың барлық мәселелері қабылданды, атап айтқанда басқару органдарының жұмысы жөнінде қалалықтардан түскен 3 мыңнан астам арыз- шағым сарапталды, жоба Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің, Алматы қаласы ПИК-тер Ассоциациясының және ынталы мемлекеттік органдардың ұсыныстарына негізделді», - деп атап өтті әкімдіктен.
Көптеген тұрғындар өздерінің құқықтары мен міндеттерін біле бермейтіндіктен қабылданған Ереже қалалықтардың туындаған мәселелерді шешудегі механизмі болып табылады. Ережеде нақтылы процедуралар белгіленген, олар:есептер, жиналыстар мен жазбаша сұрау салудың мерзімі, әрбір МЖД туралы жеке баланстар көрсетілген, ал бұл тұрғындардың басқару органдарына деген сенімін арттырып, ПИК-тар жұмысының жариялылығын қамтамасыз етеді, жиналыстар өткізуде тұрғындар мен органдардың әрбір қадамын белгілейді.
Бұдан басқа, тексеру комиссиясының рөлі артып, үйлерге ағымдағы және күрделі жөндеулер өткізудің реті де ұсынылған.
Тұрғын үй басқармасы бұл Ереже қаланың тұрғын үй қоры саласын жақсартуға жаңа серпін беретініне және түрлі проблемаларды ойдағыдай шешуге ықпал ететініне сенімді.
Ереже 2017 жылдың 23 қазанынан бастап күшіне енеді.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр