- Басты
- Жаңалықтар
- Оңтүстік Қазақстан облысында батыр аналар қатары 2382 адамға толықты
Оңтүстік Қазақстан облысында батыр аналар қатары 2382 адамға толықты
Көп балалы аналардың саны жылдан-жылға артып келетін Оңтүстік өңірінде бүгінгі таңда демографияға үлес қосып жүрген аналардың саны 159729-ға жетіп отыр. Оның ішінде 5618 Батыр ана болса, 23920 ана «Алтын алқа», 34806 әйел «Күміс алқа» иегері. Ал, 7928 ана І-ІІ дәрежелі Ана Даңқы орден иегері, 87457 азаматша 18 жасқа дейінгі төрт және одан көп баласы бар аналардың қатарын толықтырған.
Көп балалы аналар қатары бойынша көшті бастап тұрған Шымкент қаласының тұрғындары. Облыс орталығындағы аналардың саны – 19278. Шымкенттен кейінгі орында Сарыағаш пен Мақтаарал аудандары. Сарығаштағы 13306 алтын құрсақты ана болса, Мақтааралда 11282 азаматша көп балалы ретінде тіркелген. Осылайша, көп балалы нәзік жандылар көшін Түркістан, Сайрам, Ордабасы, Қазығұрт, Төлеби, Шардара, Түлкібас, Арыс, Бәйдібек, Кентау қаласы мен Отырар, Созақ аудандарының ақ желекті, алтын құрсақты аналары жалғайды.
Оңтүстік Қазақстан облысында осы жылдың сегіз айында 50627 сәби туылған. Дүние есігін ашқан нәрестелердің ішінде 514-і егіз болса, 3-уі үшем.
Еліміз Тәуелсіздігін алғаннан кейін денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды арттыру есебінен жаңа медициналық мекемелер салынды. Материалдық-техникалық жабдықтау жақсарды. Заманауи құрал-жабдықтар мен қондырғылар облыс орталығында ғана емес, аудандар мен қалаларда орнатылды. Осының нәтижесінде, өңірде ана мен бала өлімі азайып, туу көрсеткіші артып келеді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру