Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін жекешелендіру 2018 жылы жүзеге асырылады

17 Қазан, 2017 13:37
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін жекешелендіру 2018 жылы жүзеге асырылады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында «Бәйтерек» Ұлттық холдингі басқарма төрағасының орынбасары Айдар Әріпханов мәлімдеді.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің  жекешелендірілуі жоспар  бойынша  2018 жылдың  екінші жартысында аяқталады», - деп хабарлады А.Әріпханов.

Ол айтып өткендей, әлеуетті инвесторлар мен серіктестердің тізімі дайын.

«Келісімге қызығушылық танытқан   инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.  Жылдың соңына дейін  қызығушылық танытқан инвесторлармен барынша келісу жоспарланған. Біз қаржы қызметі мен  ипотекалық несиелендіру  нарығындағы үздік ойыншылардың ішінен халықаралық инвесторды тартуды жоспарлап отырмыз. Оның мақсаты банктің  қызметтік тиімділігін арттыру мен  алдыңғы қатарлы технологиялар мен жаңа банк өнімдерін енгізу болып табылады», - деді ол.

Қайрат Жандыбаев

Барлық жаңалықтар