• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е. Сағадиев мұғалімдерге балаларын балабақшаға орналастыру бойынша жеңілдіктер беруді ұсынды

Е. Сағадиев мұғалімдерге балаларын балабақшаға орналастыру бойынша жеңілдіктер беруді ұсынды

17 Қазан, 2017 12:36
Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҚР Үкіметінің отырысында мұғалімдер мен тәрбиешілерге балаларын балабақшаларға орналастыру бойынша жеңілдіктер беруді ұсынды.

«Мұғалімдер үшін жеңілдіктердің болмауы - бұл проблема. Біз мұғалімдер мен тәрбиешілерге балаларын балабақшаларға орналастыру бойынша жеңілдіктер беруді ұсынамыз. Балабақшалар желісі өсіп келеді, жеткілікті деп айтуға болады. Мұғалімдер мен ата-аналар комитеттерінің мұғалімдер мен балаларға түсірілетін оқу жүктемесін азайту жөніндегі ұсыныстары, жаңа оқу жоспарлары қазір белсенді талқылануда. Жыл соңына дейін шешім қабылданады деп ойлаймыз», - деді Е. Сағадиев.

Сондай-ақ министр мұғалімдердің әр түрлі қағаз жүзіндегі есептермен жүктелуі проблемасын да айтып өтті. 

«Мұғалімдердің қағаз жүзіндегі есептермен жүктелуі сақталып келеді. Барлығын цифрландырсақ та, мектептерден жазбаша түрде ақпараттар сұратылып жатады. Осы мәселені де қарастырып жатырмыз», - деп мәлім етті Е. Сағадиев.

 

Қайрат Жандыбаев

Барлық жаңалықтар