Қазақстанда инфляция 9 ай ішінде 4,2% деңгейінде қалыптасты – Д. Ақышев

17 Қазан, 2017 12:20
Қазақстанда инфляция 9 ай ішінде өткен жылмен салыстырғанда 4,2% деңгейінде қалыптасты. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк Төрағасы Д. Ақышев Үкімет отырысында хабарлады.

«Инфляция тұрақты деңгейде. Жылдық инфляция  7,1% құрады. Ұлттық Банк 2018 жылға  инфляцияны 5-7% деңгейінде белгілесе, 2020 жылға дейін жылдық 4% дейін төмендетпек», - деп мәлім етті Д. Ақышев.

Сондай-ақ ол ҚР Ұлттық Банкі бірқатар "штаттан тыс" жағдайларды да ескергенін және депозиттерді долларландыру 50% дейін төмендегенін атап өтті. 

«Ұлттық валюта жинақтау қаражаты ретінде өз орнын алып отыр. Депозиттерді долларландыру  50% дейін төмендеді», - деп ақпараттандырды Д. Ақышев.

Бұдан бөлек, ҚР ҰБ төрағасы Ұлттық Банктің алтын-валюта қоры  10,2% дейін өскенін айтып өтті. Ұлттық қордың валюталық активтері 57 млрд долларды құрайды.

Бұдан бұрын, ҚР Үкіметінің отырысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанның ЖІӨ-сі 4,3% құрағанын айтып өткен болатын.

 

Қайрат Жандыбаев

Барлық жаңалықтар