- Басты
- Олимпиадалық жүзу бассейні Талдықорғанда салынады
Олимпиадалық жүзу бассейні Талдықорғанда салынады

Жаңа жүзу бассейнінің құрылысы келесі жылдың басында басталады. Нысан екі жылдан кейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Олимпиадалық стандарттарға сәйкес салынатын бассейн алаңы 27 мың шаршы метрді құрайды. Тағы бір ерекшелігі – сәулеттік кейпі балық сұлбасына ұқсаған.
“Біз қашанда спортқа ерекше мән беруге тырысамыз, өйткені спорт – ұлттың саулығы. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үнемі айтып жүреді. Сондықтан елімізде теңдесі жоқ бассейн салуды қолға алмақпыз. Бұл уақыт өте келе Талдықорғанды су спорты түрлерінің орталығына айналдыруға мүмкіндік береді деп ойлаймын”, - деді Амандық Баталов.
Сонымен қатар өңір басшысы жаңа бассейнде әлемдік деңгейдегі жарыстар өткізуге болатынын айтты. Себебі жаңа ғимарат 4 бассейнді қамтитын болады. Екеуінің ұзындығы 50 метрден, ені 25 метрден, тағы екеуі олимпиадалық ойындарға арналған: біреуі жаттығуға, екіншісі жарысқа лайықталған.
"Мұнда су спорты түрлерінен әлем чемпионатын өткізуге болады. Ал жарыстардан тыс уақытта қалалықтар осы ғимаратта жүзумен айналысуға мүмкіндік алады. 50 метрге жүзуді әркім де қалайтын шығар. Мұнда ең үздік жаттықтырушылар жұмыс істеп, болашақ чемпиондардың шынығуына қажетті барлық жағдайлар жасалады. Мұның бәрі – халықтың игілігі үшін", - деді облыс әкімі А. Баталов сөзін қорытындылап.
«Плюс Акцент» ЖШС сәулетшісі Есім Мамановтың айтуынша, бассейн құрылысын жобалау кезінде оның көп салалығына, жайлылығына және эстетикалық кейпіне назар аударылған.
“Ғимарат жер деңгейінен төмен, ал трибуна деңгейі 3 метрге жоғары салынады. Амфитетар формасында болмақ. Бұл көрермендердің спортшылардың әрбір қимылын жіті бақылауына мүмкіндік беру үшін жасалып отыр. Тағы 5, 7, 10 метрлік трамплиндер жоспарланған. Сонымен қатар бассейнді синхронды жүзу үшін пайдалануға болады. Бассейнді қаланың көрнекті орындарының біріне айналдыру - алдымызға қойылған мақсаттың бірі. Сондықтан оның сыртқы келбетіне ерекше талғаммен қарадық. Ең соңында балық кейпіне ұқсайтын формаға келіп тоқталдық”, - деді Есім Маманов.
Жалпы жабық бассейн жертөлесі бар үш қабатты ғимарат болмақ. Әмбебап бассейн жүзу, аквааэробика, судағы шөген, суға секіру бойынша оқу-жаттығу өткізуге, тұрғындар үшін сауықтыруға арналған жүзуге, балаларды жүзуге үйретуге, сол сияқты көрермендердің қатысуымен өтетін жарыстарға арналған. Көрермендер трибунасына 2 мың адам сияды. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтардың да жүзумен айналысуына жағдай жасалады.
-
COVID-19 қарсы вакцинация: кімдерге салынады, кімдер үшін қауіпті, препарат қалай жеткізіледі
-
А.Цой: Мaска режимін сақтaмағандарға айыппұл салынады
-
Е.Тоғжанов: Карантин шараларын бұзғандарға айыппұл салынады
-
Түркістан облысында тігін фабрикасы салынады
-
"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында Маңғыстау облысында 9500 тұрғын үй салынады
-
Шымкентте жылыжай кешені салынады
-
Талдықорғанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 адам тіркелді
-
Қызылорда облысында 6400 тұрғын үй салынады
-
«Нұрлы жер» аясында Қарағанды облысында 5100 тұрғын үй салынады
-
Атырау облысында “Нұрлы жол” бойынша 6,5 мың тұрғын үй салынады
-
Президенттік қолдау: Талдықорғанда тәулігіне 30 мыңға жуық медициналық маска тігетін цех ашылды
-
Атырау облысындағы Қашаған кен орнында ілеспе газды өңдейтін ірі зауыт салынады
-
Қазақстанда бес жыл ішінде 10 мың км автожол жөндеуден өтеді және салынады
-
Азық-түлік пен жеңіл өнеркәсіпті экспорттайтын 78 жаңа кәсіпорын салынады
-
А.Көлгінов: Елордада келер жылы 12 мектеп салынады

