- Басты
- Жаңалықтар
- Астана рухани жаңғыру мәселесі талқыланады
Астана рухани жаңғыру мәселесі талқыланады
Іс-шараға КСРО және Ресей Федерациясының халық әртісі Иосиф Кобзон, қазақ композиторы және қоғам қайраткері, «Мәдениет арқылы әлем» халықаралық қауымдастығының президенті Төлеген Мұхамеджанов, ғылым саласы мен мәдени қауымдастық өкілдері қатысады.
Дөңгелек үстел қатысушылары өмірдің гуманистік негіздері мен рухани кемелдену, рухани мәдениет, өркениеттің дамуына әсер ету, рухани дамуға сеп болатын саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени жағдайлар, адами құндылықтар бағаланатын тұрақты қоғам қалыптастыру мәселелерін талқылайды.
Дөңгелек үстел ғылым және мәдени қауымдастық өкілдерінің, діни және мемлекеттік қызметкерлердің сұқбаты үшін ашық алаңға айналады.
«Рухани келісім күнін өткізуге бағытталған іс-шаралар бағдарламасы КСРО және Ресей Федерациясының халық әртісі Иосиф Кобзон, Қазақстан мен Татарстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, тенор Дарио Ди Виетри (Италия), «Астана Опера» театрының солисі Евгений Чайников, Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрінің қатысуымен өтетін гала-концертпен аяқталады», - деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі.
Атап өтсек, ертең Астанада «Рухани жаңғыру – гүлдену мен келісім жолы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастайды. Ұйымдастырушылары Астана қаласының әкімшілігі, Дін істері жөніндегі басқарма мен «Мәдениет арқылы бейбітшілікке қол жеткізу» атты Халықаралық қауымдастық.
Конференция аясында Еуразия халықтары қауымдастығының отырысы, рухани мәдениеттің әлемдік форумы президиумының дөңгелек үстелі, рухани келісім күніне арналған гала-концерт және түрлі шеберлік сыныптары өтеді.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
Биліктегі 2 жыл: несие амнистиясы, жер мәселесі және саяси-әлеуметтік реформалар -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Азаматтық авиация: Ұшу қауіпсіздігі, әуежайларды жаңғырту және маман тапшылығы мәселесі