- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның ЖІӨ-сі 4,3 пайызға артты
Қазақстанның ЖІӨ-сі 4,3 пайызға артты
Ұлттық экономика министрі макроэкономикалық тұрақтылық пен инвестициялық белсенділік, сондай-ақ сыртқы нарықтардағы қолайлы жағдайлар ықпал етуде екендігін айтты.
«Мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында қабылданған шаралардың арқасында экономиканың барлық салаларында оң үрдіс байқалатыны аталып өтті. Өсімнің негізгі қозғаушылары өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс болды», - деді министр.
«Өнеркәсіпте жыл басынан бері тұрақты өсім байқалуда, қаңтар-қыркүйекте 8,3%-ды құрады. Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 11,3%-ға ұлғайды. Өңдеу өнеркәсібінің өсімі 5,7%-ды құрады. Ішкі нарыққа бағдарланған салаларда елеулі өсім байқалуда, соның ішінде фармацевтикалық өнімдер шығару, жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік өнімдері мен сусындар, сондай-ақ, мұнай өнімдері өндірісі», - деді Т.Сүлейменов.
Экспортқа бағдарланған салаларда да өсімнің тұрақты қарқыны байқалуда, мәселен, қара металлургия өндірісі 7,8%-ға, түсті металлдар өндірісі 6,6%-ға өскен.
Ауыл шаруашылығында өсім 1,9% деңгейінде сақталған, сондай-ақ, құрылыс қаңтар-тамыз айларындағы 0,1%-дан осы жылдың 9 айында 3,5%-ға дейін артқан.
«Экономиканың нақты секторындағы жоғарғы өсім қызмет көрсету саласының тұрақты өсім жолына бірте-бірте шығуымен сүйемелденеді. Осы жылдың 9 айында көлік қызметтері 4,7%-ға, сауда және байланыс — 3%-ға, жылжымайтын мүлік операциялары — 2,1%-ға артқан», - деді ол.
Экономика дамуына оң әсерін беріп жатқан инвестициялар өсімінің динамикасы жақсарып келеді. 2017 жылдың 9 айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 4,4%-ға өсті. Сауда мен құрылыста инвестицялардың ең көп өсімі байқалуда, сонымен қатар жылумен және сумен қамту желілерінде жүргізілген жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде өнеркәсіпте де инвестициялар өсімі байқалып тұр.
Негізгі капиталға инвестициялар өсімі алдымен ішкі көздермен қамтамасыз етілді, ал қаржыландырудың сыртқы көздерінде төмендеу байқалады.
«Тұрақты макроэкономикалық жағдай тұрғысынан, тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы түсімі 2017 жылдың І жартыжылдығында $10,5 млрд-қа дейін 8,6%-ға өсті. Қазан айының басындағы жағдай бойынша еліміздің халықаралық қоры алтын-валюта сақтық қорларының 10,2%-ға өсуі есебінен $89,4 млрд-ты құрады», - деді министр.
Қорытындылай келе, министр тоғыз айдың қорытындылары әлеуметтік-экономикалық өсімнің барлық салаларында оң қарқынның сақталғанын көрсететіндігін айтты.
«Осыны ескере отырып, жыл қорытындысы бойынша кем дегенде 3,4% деңгейінде экономика өсімі орын алады деп болжанған», - деді министр.
Қайрат Жандыбаев
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады -
COVID-19: Әлемде жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны артты -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы