- Басты
- Жаңалықтар
- Еуразия халқы Ассамблеясы Астанада рухани жаңғыру мәселелерін талқылауда
Еуразия халқы Ассамблеясы Астанада рухани жаңғыру мәселелерін талқылауда
Еуразия халқы Ассамблеясы – ағымдағы жылғы мамырда Мәскеуде құрылған жаңа ұйым. Ұйым бүгінде әлемнің 30-дан астам мемлекетінің өкілдерін біріктіреді.
«Еуразия халқы Ассамблеясы – үлкен еуразиялық кеңістікте бейбітшілік және келісім идеясын қолдайтын жеке және заңды тұлғаларды біріктіретін халықаралық одақ. Бүгін біздің кезекті отырысымыз өтуде, бұл Еуразия халқы Ассамблеясының басқарушы органдарының бірі. Біз ассамблеяның қалыптасуымен және оның қызметімен байланысты әр түрлі мәселелерді қарастырамыз», - деді Ресей халқы Ассамблеясы Кеңесінің төрайымы және Еуразия халқы Ассамблеясы бас хатшысының бірінші орынбасары Светлана Смирнова.
С. Смирнованың айтуынша, жақын уақытта Санкт-Петербургте және Францияда Еуразия халқы Ассамблеясының күндері өтеді.
Олжас Сүлейменов, Төлеген Мұхамеджанов, Наталья Коржова сияқты белгілі қазақстандықтар Еуразия халқы Ассамблеясының мүшелері болып табылатынын айта кету керек.
«Біздің қазақстандық Ассамблеямыз Еуразия халқы Ассамблеясының қызметіне белсенді қатысатынына сенімдімін», - деп атап өтті Олжас Сүлейменов өз сөзінде.
Кеңейтілген отырыста Еуразия халқы Ассамблеясының қалыптасуына, Рухани келісім күнін атап өтуге қатысты мәселелер талқыланды.
Халықаралық конференция өз жұмысын 18 қазанға дейін жалғастырады. Соңғы күні ресейлік және қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен, Рухани келісім күніне арналған гала-концерт өтеді.
Ақбота Күзекбай
Автордың суреті
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Қ.Көшербаев: Қаныш Сәтбаев халқына қызмет етуді бір сәтке болсын тоқтатқан емес -
Тоқаев: Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселері қандай шаралар өткізіп жүр -
ХҚА сессиясы: тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, Елбасыға алғыс, жаңа Төраға -
Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады -
«Рухани жаңғыру»: 4 жылда не өзгерді -
Түркістан облысы: Тұрғын үй құрылысы 2,5 есеге өсіп, жаңа рухани-мәдени нысандар бой көтеруде -
ДДҰ: Әлем халқының 10%-дан азында коронавирусқа қарсы антидене бар -
Елордада «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелерімен кездесуі өтті -
Қазақстан халқы сайлауға белсенді қатысып жатыр - Эстониядан келген бақылаушылар