- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде «Нұрлы жер» аясында 153 мың шаршы метр тұрғын үй салынады
Ақтөбеде «Нұрлы жер» аясында 153 мың шаршы метр тұрғын үй салынады
Бердібек Сапарбаев құрылысшыларға атқарылған жұмыстар үшін алғысын білдірді.
«Елбасы Ақтөбеде жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы жер» бағдарламасына жоғары баға берді. Сіздердің ендігі міндеттеріңіз – құрылыс қарқынын бәсеңдетпеу. Қыста ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізу үшін күзде негізгі құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау қажет. Құрылысшылар да өзге сала қызметкерлері секілді жыл он екі ай жұмыс істеулері керек. Қаржыландыру жағынан мәселе жоқ. Қазір бөлінген қаражатты уақытында игеруге болады»,-деп атап өтті ол.
Өңір басшысының айтуынша жаңа тұрғын үй алабы 100 мыңға тарта ақтөбеліктің экологиялық жағынан таза әрі жайлы орнына айналмақ. Мұнда жаңа мектеп, екі балабақша, коммерциялық ғимараттар мен сауда үйлері салынып, барлық қажетті инженерлік және жол инфрақұрылымдары жүргізіледі.
«Құрылыс материалдарының тапшылығы болмайды. Қараша айында жаңа кірпіш зауыты іске қосылады. Келесі жылдың басында темір бетон бұйымдарын шығаратын зауыт өндірісі ашылады»,-деді Б.Сапарбаев.
Пилоттық жобаны жүзеге асыру аясында тез тұрғызылатын аз қабатты несиелік тұрғын үйлердің құрылысы жоспарланып отыр. «Таунхаус» типіндегі барлығы 423 жеке үй мен 56 тұрғын үй (153 мың шаршы метр) салынбақ.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді