- Басты
- Жаңалықтар
- Оңтүстік Қазақстанда жаңа мектеп пен балабақша ашылды
Оңтүстік Қазақстанда жаңа мектеп пен балабақша ашылды
«Қайнарбұлақ ауылдық округі Ошақты ауылында 150 орындық Құрманғазы атындағы мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Нысан құрылысын аудандық бюджет есебінен 223,823 млн. теңгеге «Асар строй групп» ЖШС-гі жүргізді. Бұрын бұл мектеп ыңғайластырылған ғимаратқа жайғастырылған болатын. Сынып бөлмелері тар, пән кабинеттері мен өзге де қажетті бөлмелер қарастырылмаған еді. Ал жаңа ғимаратта арнайы пән кабинеттері орналастырылып, заманауи үлгідегі құрал-жабдықтармен, оқуға қажетті жиһаздармен қамтылған», - делінген акиматта.
Ұстаздарға да барлық жағдай жасалып, өскелең ұрпаққа сапалы білім берулеріне мүмкіндіктер қарастырылған. Кітапхананың іші кең, сөрелер оқушыға қажетті әдебиеттермен толықтырылған, ал мәжіліс залында түрлі мәдени көпшілік шаралар ұйымдастыруға мүмкіндік мол. Одан бөлек, спорт залы, асхана, зертана мен медициналық көмек көрсету бөлмелері жабдықталған.
Аудан орталығы – Ақсукент ауылында «Шаттық» балабақшасы пайдалануға берілді. Мұнда 280 бала мектепалды тәрбиемен қамтылмақ. «Балапан» бағдарламасы аясында салынған бұл ғимараттың құрылысына републикалық бюджеттен 356,347 млн. теңге жұмсалды. «АРХидея plus» ЖШС-нің жобасы бойынша бұл нысанның құрылысын «РСУ-1» ЖШС-гі жүргізді.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты