Қ.Бозымбаев: Айдың соңына дейін елдегі жанармай мәселесі тұрақтанады

17 Қазан, 2017 10:56
Қазан айында Ресей Федерациясынан 100 000 тонна АИ-92 бензині жеткізіледі, оның ішінде 34 000 тоннасы импортталды. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Үкімет отырысында мәлімдеді.

 «100 мың тонна АИ-92 бензинін РФ мұнай өндіру зауыттарынан   жеткізуге рұқсат берілді,  оның ішінде осы аптаның соңына дейін  50 мың тоннасы жеткізіледі. Қалған көлемі ай соңына дейін  жеткізіледі.  Айдың басынан бастап кешегі күнге дейін 34,6 мың тонна  АИ-92 бензині  импортталды. Оның ішінде  өткен  демалыстың өзінде 10 мың тонна жеткізілді», - деді Қ.Бозымбаев.

Министр айтып өткендей, қабылданған шаралар нәтижесінде  Қазақстанда АИ-92 қалдығы  16 қазандағы жағдай бойынша  127 мың тоннаны құрады, ол  бір-екі күн бұрынғы көрсеткіштен  10 мың тоннаға көп.  Аталмыш қалдықтар  елдің  барлық өңірлерін  13 күн бойы  жанармаймен қамтуға кепілдік береді.

«Бүгінгі таңда  АИ-92 шектеулі өңірлер жоқ. Екі желіде талон бойынша беріліп жатыр, алайда олар жақын күндері еркін саудаға көшеді деп ойлаймыз», - деді Қ.Бозымбаев.

Сондай-ақ, министр айтып өткендей, министрлік мұнай өңдеу зауыттарының  жаңғыртуын аяқтау бойынша  жұмыстың аудитін бақылауға комиссия бағыттады.

«Павлодар МӨЗ-індегі барлық жұмыстар кестеге сай жүргізілуде.  Зауытты  26 қазанда іске қосу жоспарланған.  Айдың соңына дейін  зауыт  65 000 тонна мұнайды өндіріп,  тәулігіне 2500 тонна АИ-92 бензинін жіберіп тұруды жоспарлауда. Осылайша, осы аптада біз  жағдайды толық тұрақтандырамыз. Апта соңына дейін тағы 50000 тонна импорт бойынша келеді, келесі апта жағдай толық тұрақтанады», - деді ведомство басшысы.

Ол айтып өткендей, қараша айында Энергетика министрлігі  жанармай бағасын төмендету мәселесіне кіріседі.

«Баға саясатына келетін болсақ, Ресей бензинінің үлесі артып отыр, алайда қарашада  бағаны төмендету мәселесін жеке қарастыратын боламыз», - деді министр.

Қайрат Жандыбаев

Барлық жаңалықтар