- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада аулаларды абаттандыру жұмыстары аяқталуда
Астанада аулаларды абаттандыру жұмыстары аяқталуда
Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев аудан әкімдеріне қар түскенше жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жолдарды реттеуді тапсырды.
Қаланың үш ауданында тұрғын үй кешендерінің аулаларын абаттандыру жүруде.
«Біз Қобыланды7-дегі спорт алаңын аяқтап қалдық, ол жерде үлкен футбол алаңы болады. Ал, тазалық және жылыту маусымы бойынша жұмыстар ойдағыдай», - деді Алматы ауданы әкімінің орынбасары Талғат Тлеуов .
Есіл ауданында да абаттандыру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Қазіргі таңда «Құлагер 1», «Құлагер 2», «Құлан», «Сауран» тұрғын үй кешендері мен «Триумфальный» саябағы абаттандырылған.
«Біз 270 көлікке арналған автотұрақ орнын және аулааралық жолдарды аяқтадық, оның ішінде 23-і дайын, қалғанын келер жылы аяқтаймыз», - деді Есіл ауданының әкімі.
Осы күні «Сарыарқа» ауданында 195 аула абаттандырылған және 60-ында асфальт төселген.
«Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда, күн райы қолайлы болса жұмыс жүре береді. Жыл басынан бері 75 үйге 114 жарық орнаттық, алдағы уақытта 244 үйді қамтып, жыл соңына дейін аяқтау жоспарда бар», - деп айтты «Сарыарқа» ауданы әкімі.
Жалпы алғанда қаланы абаттандыру жұмыстары жоспарға сай жүруде. Қала әкімі аудан әкімдеріне құрылысы бітпеген көшелер мен жолдарды қар түскенше аяқтауды тапсырды.
-
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жалған вакцина төлқұжаттары мен ПТР анықтамаларын анықтау жұмыстары қалай жүруде -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Өзен суымен қамтамасыз ету жұмыстары қалай жүріп жатыр -
АШМ: Егін егу науқаны мен көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру -
Меморгандардың ақпараттық және түсіндіру жұмыстарына қойылатын талап күшейтілмек -
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жұмыстары жүргізіліп жатыр -
Шектеу шаралары: Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармония қалай жұмыс істеп жатыр
-
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
Елорданың дамуы: Қаланы абаттандыру, инвестиция, тұрғын үй, жол мәселелері