- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан «Ұлы Жібек жолының Экономикалық белдеуі» атты жобаға қатысуын қарастыруда
Қазақстан «Ұлы Жібек жолының Экономикалық белдеуі» атты жобаға қатысуын қарастыруда
«Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастың барлық бағыттары бойынша, сондай-ақ «Ұлы Жібек жолының Экономикалық белдеуі» жобасына бөлек тоқтала отырып жан-жақты пікір алмасты», - делінген хабарламада.
Бұл стратегиялық бастама ҚХР Төрағасы Си Цзеньпинмен Қазақстанға 2013 жылғы қыркүйек айында жасаған мемлекеттік сапары аясында ұсынылған болатын және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауына ие болды.
Кездесу барысында Қ.Сарыбай қазақстандық тарап, экономика, сауда, инвестиция, мәдениет секілді салалардағы ынтымақтастықты қамтитын және аймақаралық ықпалдастықты сапалы түрде жаңа деңгейге жетелейтін бұл кең ауқымды жобаны іске асыру жолдарын қарастыруда ең белсенді қатысуға дайын екендігін жеткізді.
Қазақстандық дипломат атап өткендей, «Ұлы Жібек жолының Экономикалық белдеуі» жобасын іске асыру идеясы жалпы алғанда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстанның Орталық Азияның сауда, логистикалық және іскер орталығына айналуына ықпал жасайтын, сонымен қатар Астананың халықаралық ынтымақтастықтағы азиялық векторын нығайтатын «Қазақстан – Жаңа жібек жолы» атты бастамасымен мазмұндас.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді